Шеберлік пен төзімділікті сынаған облыстық дода

Выпуск - №43(691)   :   21.11.2025
765

Дене тәрбиесі және қосымша білім беру өңірлік орталығының спорт залында Сапарғали Бегалиннің туғанына 130 жыл толуына орай қараша айының 18-і мен 21-і аралығында жасанды рельефтегі туристік көпсайыстан облыстық жарыс өтті.

IMG-9416

Қызығы мен шыжығы қатар өрілген бұл додаға өңірдің түкпір-түкпірінен жиналған 130-ға жуық жас спортшы қатысып, ептілігі мен техникалық шеберліктерін сынға салды. Биыл жасанды рельефтің сынақтарынан өтіп, түрлі техникалық кезеңдерді бағындыруға талпынып жатқан жас өрендердің қатарында Жітіқара ауданының «Пилигримм», Қамысты ауданының «Юный турист», Қарабалық ауданының «Альтаир», Қостанай ауданының «Степная братва», Сарыкөл ауданының «Алтай», Меңдіқара ауданының «Азимут» және «Jasa», сондай-ақ Арқалық қаласының «Жас ұлан» командаларымен қатар Б.Майлин ауданының, Қостанай және Лисаков қалаларының жас спортшылары бар.

IMG-9418

Тартысты доданың салтанатты ашылуында Дене тәрбиесі және қосымша білім беру өңірлік орталығының басшысы Қуаныш Бимурзин сөз сөйлеп, жасөспірімдерге бағытталған мұндай іс-шаралардың маңыздылығына, олардың спорттық шеберлігін шыңдап, төзімділік пен өзіне деген сенімділікті арттыратынына ерекше тоқталды. Бәсеке рухы мен достық ынтымағы қатар көрініс тапқан бұл жарыс жас спортшылар үшін жаңа тәжірибе мен үлкен белестерге бастар маңызды өмір мектебіне айналды.

IMG-9419
IMG-9420

– Жыл бойы техникалық тұрғыдан күрделі саналатын бірнеше жарыс өткізіледі. Солардың ішінде жасанды рельефтегі туристік көпсайыстан өтетін облыстық дода – ең талапты сындардың бірі. Өйткені бұл жарыс әрбір қатысушының дайындық деңгейін, ептілігі мен шеберлігін толық айқындайды. Әркез қатысушылар санының артып келе жатқаны – бәріміз үшін қуанышты жағдай. Бұл – сіздер мен біздердің бірлескен еңбегіміздің нәтижесі. Спорттың аталған бағыты бойынша жинақталған дағдылар алдағы өмірлеріңізге де үлкен пайдасын тигізетіні сөзсіз. Осы ретте жас спортшылардың дайындығына жіті көңіл бөліп, олардың шеберлігін шыңдау жолында уақытын аямайтын бапкерлерге ерекше алғыс айтқым келеді. Соның арқасында облыс құрамалары республикалық деңгейде жүлделі орындардан көрініп жүр, – деген Қуаныш Уахитович барша қатысушыларға сәттілік тілеп, жарыстың жоғары деңгейде өтуіне сенім білдірді.

IMG-9417

Орталық басшысы атап өткендей, дәл осы жасанды рельефтегі туристік көпсайыс техникалық күрделілігімен және жоғары қарқынымен ерекшеленеді. Жарыс бағдарламасында «Байламдар», «Жеке», «Құтқару жұмыстары» және «Командалық» секілді қашықтықтардың болуы доданың мазмұнын байытып, қатысушылардың дайындық деңгейін жан-жақты сынамақ. Сайыс басталар алдында Қауіпсіздік бойынша бас төреші әрі дене шынықтыру мұғалімі Назым Аманов барлық ережелер мен қауіпсіздік талаптарын егжей-тегжейлі түсіндіріп, спортшылардың қауіпсіздігіне айрықша назар аударды.
– Әрбір техникалық бағытқа бір күн арналып, қатысушылар «Балалар» және «Жасөспірімдер» атты екі жас санатында бақ сынады. Бұл бәсекелестікті күшейтіп, қатысушылардың дайындық деңгейін көрсетті. Жасанды рельефтің талаптары жас спортшылардан дәлдік, тактика және батылдықты қажет етсе, әрбір қашықтыққа бейімделу олардың шыдамдылығы мен техникалық шеберлігін жан-жақты сынайды, – дейді Орталықтың туризм бөлімінің басшысы Аян Абдуллин.

image

Лисаков қаласынан келген Дильназ бен Дарья

Жарысқа қыздар да белсенді қатысып, батылдықтарын танытты. Олардың қатарында Лисаков қаласынан келген Дильназ бен Дарья бар. «Спорттың осы түрімен айналысып келе жатқанымызға үш-төрт жылдай болып қалды. Біздің қызығушылығымыз мектепте салынған скаладромнан басталды. Танысу сабағына барып, қатысып көрмек болдық. Кейіннен бұл спортқа қызығушылығымыз артты, себебі командалық жұмысқа мән беретін жасанды және табиғи рельефтегі туризм бізге ерекше болып көрінді. Оның үстіне дәл осы спорт түрі барлық бұлшық еттерді дамытады. Жалпы, бұл спорт бізге физикалық дайындықты ғана емес, бір-бірімізбен үйлесімді жұмыс істеуді де үйретті», – деп бөлісті қыздар.
Әрине, дайындық барысына қарағанда жарыстың өзі мүлде басқа сезімдер тудырады. Әрбір команда арасындағы бәсекелестік, ал команда ішіндегі бірлескен жұмыстың маңызы ерекше байқалады. Қобалжу мен адреналин де бар. Жалпы, жас спортшылардың шеберлігі мен батылдығы шыңдалып, төзімділігі сынақтан өтетін бұл жарыстың оларға жаңа әсер мен өмірлік тәжірибе сыйлайтыны анық.

Жамал ШАУКЕН,
Суретті түсірген автор

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.