«Шұғыла» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығында дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдау мақсатында «Шебер қолдар» үйірме жетекшілерінің ұйымдастыруымен аудандық «Шығармашыл шебер» қолөнер байқауы өтті.
Байқау қатысушылары «Заманауи қолөнер», «Ағашты, сүйекті, теріні көркем өңдеу», «Қағаздан жасалған бұйымдарды дайындау» номинациялары бойынша бағын сынап, ерекше әрі мазмұнды жұмыстарын ұсынды. Нәтижесінде «Заманауи қолөнер» аталымында I орынды Жалдама ЖББМ оқушысы Жаннұр Дүйсенғали (жетекшісі – Мадина Жайлаубаева), II орынды Жаңа ауыл ЖББМ оқушысы Ақбаян Байдүйсенбайқызы (жетекшісі – Жантөре Доспанов) мен Б.Қолдасбаев атындағы ЖББМ оқушысы Айша Даниярқызы (жетекшісі – Данияр Қанапия) иеленді. Жүлделі III орынды Рассвет НОМ оқушысы Айзере Сәлімгерей, (жетекшісі – Маржан Сақтапбергенова), Ә.Боранбаев атындағы ЖББМ оқушысы Наргиз Әмірбек (жетекшісі – Гауһар Асқарова), А.Нұрманов атындағы ЖББМ оқушысы Гүлназ Темірбек (жетекшісі – Кенжегул Абдихалыкова) және Жаңа ауыл ЖББМ оқушысы Жанбота Айтмұханбет (жетекшісі – Айзат Оралбаева) теңдей бөлісті.
«Ағашты, сүйекті, теріні көркем өңдеу» аталымында I орынға А.Нұрманов атынағы ЖББМ оқушысы Сырым Дүзембай (жетекшісі – Ғизат Кеделбаев) ие болса, II орынды Құмкешу ЖББМ оқушысы Нұрислам Қабдығалам (жетекшісі – Ержан Егінбаев), Амантоғай ЖББМ оқушысы Рамазан Бекқали (жетекшісі – Самат Каргин), Н.Мейірманов атындағы ЖББМ оқушысы Айтөре Қайраш (жетекшісі – Думан Құлахметов) иеленді. Ал III орынды Жасбуын ЖББМ оқушылары – Омар Қалмұхан мен Ералы Ерхан (жектешісі – Төлепберген Шарафидденұлы) және Амантоғай ЖББМ оқушысы Ералхан Сағындық қанжығасына байлады.
«Қағаздан жасалған бұйымдарды дайындау» аталымында I орынды Б.Қолдасбаев атындағы ЖББМ оқушысы Әмір Маряк (жетекшісі – Мейрамболат Ержанов), II орынды Амантоғай ЖББМ оқушысы Көркем Әбдірзақ (жетекшісі – Алмагүл Бекмаганбетова) иеленді. Ал III орынға Жаңа ауыл ЖББМ оқушысы Кәусар Дүйсенбаева (жетекшісі – Жантөре Доспанов) ие болды. Үздік деп танылған қатысушылар дипломдармен марапатталып, жеңімпаздарды дайындаған жетекшілерге Алғыс хаттар табыс етілді. Байқау аясында үйірме жетекшілері Әйгерім Ахметова мен Динара Смайлова үздік іс-тәжірибелерімен бөліскені үшін Амангелді аудандық білім бөлімінің Алғыс хатына ие болды.
Әнет ЖҰМАБЕК,
«Шұғыла» балалар мен жасөспірімдер
шығармашылық орталығы,
Амангелді ауданы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.