Шығармашылық және махаббатпен

Выпуск - №8 (455)   :   26.02.2021
430

«Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының маңыздылығын және сырлы әлемге толы дүние екендігін таныту мақсатында №10 орта мектепте махаббат пен шығармашылыққа негізделген онкүндік өтті.

Өткенге көз жүгіртсек, Сара Назарбаеваның бастамасымен 2010 жылы қыркүйектің бірінен бастап өзін-өзі тану пәні енгізілді. Аталған пән арқылы адам өзінің жылуын басқаларға сыйлап, адамгершілік құндылықтарды дамытып қана қоймай, ішкі жан дүниесін байытуға ықпал етеді.



Мектебіміздің кітапхана меңгерушісі «Мейірім төгетін ана» атты көрме ұйымдастырып, Сара Алпысқызының өмірі мен шығармашылығы жайлы қысқаша таныстырып өтті. Өзін-өзі тану мұғалімдері рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы туралы стендтер әзірлеп, сынып жетекшілер «Жүрегіңмен тыңда» атты мектепшілік ашық сабақтарын өткізді. Оқушыларға адамгершілік, мейірімділік, сүйіспеншілік, достық пен бейбітшілік жайлы түсініктер берілді.
Оқушыларымыз тәрбие сағаттарында мейірімділіктің – ең қасиетті сезім екенін, отбасындағы бір-біріне деген сыйластық пен қамқорлықтың маңызын түсіне білді. Мұғалім әрқашан оқушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, олардың «тұлға» екендігін түсіндіре отырып, мейірімді болуға бағыттайды. Оқушылар «Жүрегім тұнған махаббат» тақырыбына эссе жазып, «Анама сыйлық» тақырыбында аналарына деген ыстық ықыластарын қолөнерлері арқылы білдірді. Ал артынша ұйымдастырылған «Жомарт жүрек» фотосуреттер байқауына бастауыш сынып оқушылары белсене қатысты.



Көркемдік жағы да назардан тыс қалмады. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы Сара Назарбаева жайында бейнефильмдер көрсетілді. Өзін-өзі тану пәні қаншалықты маңызды екендігін, жеке тұлғаның өзін-өзі танып қана қоймай, рухани байып, әрбір тұлғаның өзгеруіне мүмкіндік беретіндігі жан-жақты ұғындырылды. Жалпы өзі-өзі тану пәні баланың өзін жақсы көруге, қасында жүрген жандарды сыйлауға насихаттайды. Оқушылар іс-шараларға мейірімділікпен ат салысып, айналасындағы адамдарға, қоршаған ортаға, құстарға деген сыйластық жайлы түсініктерін кеңейтті.


Әсел ЖАНСУГУРОВА,
Гүлнар БЕКБУСИНОВА,
№10 ОМ жантанушылары,
Қостанай қаласы

 

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.