Халықты «Кел, балалар, оқылық» деп оқу мен білімге шақырған Ыбырай Алтынсариннің облыстық мемориалдық музейіне жиналған мемлекеттік тілді үйренуге ұмтылысы жоғары жандардың ұраны осындай: «Кел, қазақша үйренейік».

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақ тілін жетік меңгермеген отандастарымызға жасаған үндеуінен кейін Тілдерді дамыту басқармасы мен «Тілдарын» тілдерді оқыту орталығының бастамасымен мемлекеттік тілді қолдау мақсатында «СөйлеTime» атты тегін ауызекі сөйлеу клубы өз жұмысын бастады.
— Аталмыш еркін сөйлесу клубын құру идеясы Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бахыт Есимоваға тиесілі. Ол кісінің айтуынша, бұл бастама мемлекеттік тілде еркін сөйлеймін деушілерге үлкен қолдау болмақ. «Клубқа қаламыздың мемлекеттік тілді үйренуге ниеті бар барлық тұрғындары қосыла алады. Бәріне теңдей мүмкіндік, теңдей қарым-қатынас. Бұл кез келген дүниені меңгеріп шығудың басты талабы болса керек. Үйренемін деушілерден бөлек, білімімен бөлісемін деушілерге де есігіміз әрқашан да ашық, – дейді Бахыт Есимова.
Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бахыт Есімова
— Әзірге клубқа 12 адам мүше. Жаңалықты ести сала қатысуға ниет білдіргендердің қатарында қаламыздағы М.Горький атындағы мектеп-гимназияның қазақ тілі пәнінің мұғалімі Дмитрий Ромащенко де бар. Ол тілді үйренуді әр адам бүгіннен және өзінен бастауы тиіс деп санайды. Ең басты шарттардың бірі – ұялмай, еркін сөйлей білу. Ал шынайы ниет білдірген адам үшін алынбайтын қамал жоқ екендігін айтқан ол, 2015 жылы қазіргі Ахаң атындағы ҚӨУ-дің қазақ филологиясы мамандығын тәмәмдаған. «Ең бастысы, алған бетінен таймау қажет», – дейді ол.
Клуб мүшелерінің де ойы осы бір жерде тоғысып отыр. Олар енді аптасына бір рет кездесіп, түрлі алаңдарда бас қосып, кез келген тақырыпта әңгіме өрбітетін болмақ. Одан қалды еркін сөйлеу клубының мүшелері алдағы уақытта І.Омаров атындағы Қазақ драма театрында болатын әрбір спектакльге тегін бару мүмкіндігіне ие болды.
Қатысушыларға жағымды болған жаңалықты аталмыш қара шаңырақтың басшысы Әлімхан Мырзахан өз сөзінде атап өтті. Тек бір талабы бар: театрға келуші клуб мүшелері спектакльді аудармасыз көруі тиіс. Бұл, әрине, тілді үйрену жолында жасалып жатқан амалдардың бірі. Қолға алынып жатқан игі іс нәтижелі болғай.
Жамал ШАУКЕН,
суретті түсірген автор
Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.