Тәрбие – қоғамның маңызды құндылықтарының бірі. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын насихаттау мақсатында Арқалық қаласындағы Қосымша білім беру орталығында «Біртұтас тәрбие – ұлттық құндылықтар бастауы» тақырыбында тәрбие апталығы өтті.
Бұл апталық оқушылардың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттырып, оларды өз мәдениетімізді, тарихымызды бағалауға тәрбиелеу мақсатын көздеді. Апталықтың ашылуында орталығымыздың өнерлі оқушылары ән айтып, би билеп, өз өнерлерін көрсетті. Іс-шаралар аясында тәрбиелік мәні зор ойындар мен әртүрлі тақырыптар арқылы ұлттық мұра мен салт-дәстүрлерді жаңғыртуға бағытталған бағдарламалар өткізіліп, оқушылардың ұлттық сана-сезімін ояту мақсатында арнайы ойындар ұйымдастырылды.
Ұлттық ойындар мен зияткерлік сайыстар балалардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, олардың ұлттық құндылықтарды терең түсінуіне, ойлау қабілеттерінің дамуына зор ықпал етті деген ойдамыз. Қорытындылай келе, тәрбие апталығы оқушылардың ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілігін арттырып, рухани дамуына да өзіндік үлес қосты. Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап қана қоймай, оқушылардың ұлттық ойындар мен зияткерлік сайыстар арқылы білімін арттырып, ұлттық дәстүрлерді насихаттауға бағытталған осындай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.
Инабат ЖӘМЕЛОВА,
Қосымша білім беру
орталығының педагогі,
Арқалық қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.