Таланттарды қанаттандырған театр

Выпуск - №22(718)   :   05.06.2026
839

3

Мәдениет майданындағы сүбелі істеріміздің бірі де бірегейі – театр. Ол – көрінгеннің ермегі емес, үлкен дайындық пен қажырлы еңбекті талап ететін еңбек. Ал жас ұрпақтың бойында осы өнерге деген сүйіспеншілікті ояту – ата-ана мен ұстаздың басты міндеті.

Ново-Троицк жалпы білім беретін мектебінде құрылған «Шабыт» театр үйірмесі бүгінде өнер шырағын жағып, өз жұмысын нәтижелі жалғастырып келеді. Үйірмеге өнерге құштар оқушылар қатысуда. Биылғы 2025-2026 оқу жылында білім алушылардың театрға деген қызығушылығын тереңдету мақсатында ерекше әдіс-тәсілдер қолданылды. Мәселен, оқушылар қолдарымен түрлі ертегі кейіпкерлерінің бейнелерін жасап, сол кейіпкерлерді сахнада өздері сомдап шықты.

2


Бүгінде үйірме мүшелері мектебімізде өтетін барлық мәдени іс-шараларға белсене қатысып, сан алуан қойылымдарды көрермен назарына ұсынып жүр. Осы уақыт ішінде олар сахна мәдениетін меңгеріп, бір-бірін сезінуді, серіктесін тыңдауды әрі көрерменмен бір толқында болуды үйренді. Бастауыш сынып бүлдіршіндерінен бастап жоғары сынып оқушыларына дейін әртүрлі жанрдағы туындыларды сахна төрінде сәтті көрсетіп келеді.

1


Балалар үшін қойылым беру – жай ғана іс-шара емес, бұл – жүрек тыныштығы, жан қалауы және мәдени еркіндік. Әртүрлі кейіпкерлердің образдарына ену арқылы оқушылар бойындағы жасырынып жатқан шығармашылық қырларын ашып, актёрлік шеберліктерін ұштауда. Топтық және жеке жұмыстардың нәтижесінде оқушылармен тез тіл табысып, бірлесе жұмыс істеудің оңтайлы жүйесі қалыптасты.
Жаз айларына құрған жоспарымыз ауқымды: кәсіби театр қойылымдарын тамашалап, сахна шеберлерінің өнерін көріп, олармен сұхбаттасу және қолтаңба алу. Қазақ театрының шыңдарын бағындыратын қарлығаштары біздің үйірмеден шығып жатса, ұстаз ретінде мен үшін бұл – үлкен мәртебе әрі еңбектің шынайы нәтижесі болмақ.

Айжан ҚҰЛМАНОВА,
Ново-Троицк жалпы білім
беретін мектебінің «Шабыт» театр
үйірмесінің жетекшісі,
Қарабалық ауданы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.