Отбасындағы ұлттық құндылықтар мен ұлттық өнерімізді насихаттау мақсатында Арқалық қаласындағы қосымша білім беру орталығында қалалық отбасылық «Жанұя» клубтары арасында «Талантты отбасылар» атты отбасылық өнер байқауы өткізілді.
Баланың басты ұстазы – ата-анасы. Қазақ халқында «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. Орталық өмірі мен отбасы байланысын нығайту, ата-ананың бала тәрбиесіне деген көзқарасын қалыптастыру, бала тәрбиелеуде ата-ана рөлін арттыру, отбасында сыйластық, мейірімділік, татулық, адамгершілік сезім қалыптастыруды көздеген сайыс барысында ұлттық салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызды, адамгершілік қасиеттерді жастардың бойына сіңіру де назардан тыс қалмады.
Бала әкеден – ақыл, анадан – мейірім алады. Осындай отбасылық құндылықтар мен ұлттық өнерімізді насихаттауға арналған сайысқа қала мектептерінен 7 отбасы қатысып, бақ сынады. Отбасылардың бәрі де жоғарғы дайындықпен келген. Олардың өнеріне Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің музыка бөлімінің оқытушысы Ақмарал Қабылдина, Білім бөлімінің әдіскері Назерке Мұханбетқалиева және қосымша білім беру орталық директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ляззат Есмағанбет әділ бағасын берді.
Қазылар алқасының шешімімен Бас жүлдеге Қапиятовтар отбасы, І орынға Баязиевтар отбасы, ІІ орынға Кенжебайовтар отбасы, ІІІ орынға Жалғасбайовтар отбасы және Кенжегалиевтар отбасы ие болды. «Өнерлі отбасы» аталымымен Хамитбек отбасы мен Мейрамбек отбасы марапатталып, жеңімпаздарға орталығымыздың мадақтамалары мен естелік сыйлықтары табысталды. Осындай халық игілігіне бағытталған игі шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек.
Инабат ЖӘМЕЛОВА,
Қосымша білім беру орталығының педагогі,
отбасылық «Жанұя» клубының жетекшісі
Арқалық қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.