Амангелді ауданындағы «Шұғыла» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының жанынан ашылған «Күншуақ» жазғы сауықтыру лагерінде «Шуақты жаз» атты ашық аспан астындағы плэнерлік сабақ өтті.
Жаз – демалыс пен сергітудің, жаңа әсерлер мен қызықты таныстықтардың маусымы. Бұл мезгілде көп оқушылар мен жастар жазғы лагерьлерге барып, табиғат аясында уақыттарын пайдалы әрі көңілді өткізеді. Әсіресе таза ауада серуендеу, ойнау, шығармашылықпен айналысу – олардың рухани және физикалық дамуына оң әсер етеді.
Лагерьдегі күндердің ең жарқын сәттерінің бірі – табиғат аясына ұйымдастырылатын плэнерлік сурет сабақтары. «Плэнер» сөзі француз тілінен аударғанда «ашық ауада» деген мағынаны береді. Бұл – табиғат көріністерін тікелей сол жерде отырып бейнелеу әдісі. Осы орайда біздің орталықтың жанынан ашылған лагерьдің балалары да жасыл алаңда отырып, жаз айының сұлулығын қылқаламмен қағаз бетіне түсірді.
Кезекті сабақ балаларға жақсы көңіл-күй мен шығармашылық сыйлады. Табиғат аясында сурет салу – тек өнер үйрету ғана емес, сонымен қатар табиғатты тереңірек сезінуге, әсемдікті бағалауға баулитын рухани тәрбие. Ашық аспан астында отырып салынған әрбір сурет – баланың ішкі әлемінің көрінісі, қиялы мен сезімінің жемісі.
Сурет салу кезінде оқушылар бір-бірімен жақынырақ араласып, ортақ қызығушылық арқылы жаңа достар табады. Шығармашылық орта достықты нығайтып қана қоймай, сенімді қарым-қатынастың бастамасына айналады. Сондай-ақ мұндай іс-шаралар балалардың сабырлылығын, байқағыштығын, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыратыны тағы бар. Плэнер сабақтарымен қатар лагерьде түрлі спорттық жарыстар, квесттер, ойындар ұйымдастырылып, қатысушылардың көңіл-күйі әрдайым көтеріңкі болады. Олар таза ауада демалып, өз денсаулығын нығайтып қана қоймай, өзара ынтымақтастықты да үйренеді.
Қорытындылай келе, жазғы лагерь – тек демалыс орны ғана емес, ол – жаңа тәжірибе мен достықтың бастау бұлағы. Таза ауада өткен әрбір сәт, табиғат аясындағы шабытты сурет, сергек көңілмен табылған достар – балалық шақтың жарқын естелігіне айналары сөзсіз. Ендеше, жаз мезгілін тиімді пайдаланып, табиғатпен етене араласып, шығармашылық шабытқа толы күндерді бірге өткізейік!
Нұрсұлу МИРАМБЕК,
«Шұғыла» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық
орталығының «Сиқырлы қалам» сурет үйірмесінің жетекшісі,
Амангелді ауданы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.