Қуыршақ театры арқылы адамгершілікке, достыққа, адалдыққа, «жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге» тәрбиелеу мақсатында Арқалық қаласындағы Қосымша білім беру орталығында педагогтерге арналған шеберлік сағаты өткізілді.
Шеберлік сағатын педагогтер, ең алдымен, көңілді әуенмен бастады. Ортаға шығып, «Жақсы көңіл-күймен амандасу» сәтінде көңіл-күйлерін әртүрлі смайликтер арқылы көрсетіп, бір-бірімен амандасып шықты. Артынша театр түрлері, қойылым барысы, оны көрсету жолдары түсіндірілді. Қойылымды қоймас бұрын, әртүрлі жаттығу жасау қажет. Соның бірі – дауыс ырғағын келтіру үшін, қатысушылар жаңылтпашпен жұмыс жасап өтті. Одан кейін тыныс алу жаттығуларын жасау мақсатында трубочкамен әріптерді орналастырды.
«Ептілік» кезеңінде қол қимылдарының ептілігін жолға қою үшін маркермен жүрек, үш бұрыш, төрт бұрыш, шеңбер жасап, ептілігін таныта білсе, «Есте сақтау» кезеңінде әртүрлі шарларды рет-ретімен орналастырып, шапшаңдықтарын көрсетті. «Сезіну» кезеңінде бәрі де ортаға шығып, бір-бірлерінің арқаларына сурет салу жаттығуын жасап шықты. Ал, «Ауызбіршілік» кезеңінде топ болып жұмыс істеп, қатысушылар ауызбіршіліктерін көрсете білді.
«Ертегісіз өскен бала – рухани мүгедек адам. Біздің қазіргі балаларымызға ертегіні ата-аналары айтып бермейді. Ал, бесікте жатқанда құлағына анасының әлди үні сіңбеген баланың көкірегі кейін керең болып қалмаса деп қорқамын», – деген екен Б.Момышұлы. Іс-шара соңында «Менің атым Қожа» фильмінен үзінді көрсетіліп, импровизация жасалды. Барлық педагогтер белсенділік танытып, соңында ризашылықтарын білдірді.
Жазира ТОНАШИНА,
Қосымша білім беру
орталығындағы «Қуыршақ
және театр» үйірмесі,
Арқалық қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.