Жаз басталып, күн жарқырай түсті. Жыл сайын оқу жылы аяқталғаннан кейін балалар жазғы демалыс лагерьлеріне асығады. Арқалық қаласындағы Қосымша білім беру орталығы да қала мектеп оқушыларына арнап түрлі қызықты іс-шаралар ұйымдастырады.
Жазғы лагерьдің басты мақсаты – балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, дарындылығын анықтау, шығармашылық қабілеттерін жан-жақты бағытта дамыту. Биыл осы дәстүр өз жалғасын тауып, маусымның 3-і күні орталығымызда жазғы лагерь өз жұмысын бастады. Орталығымызда І ауысымның ашылуына орай қала мектептерінің оқушыларына арналған «Жұлдыз бол!» балалар ән байқауы өтті.
Оған қала мектептерінен 7 мектеп қатысты. Байқау барысында оқушылар ән айтып, би биледі. Оқушылардың бәрі де байқауға жоғарғы дайындықпен келген. Әділ қазылар алқасының шешімімен байқауға қатысушы оқушылар мынадай орындарға ие болды: Бас жүлдеге А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназия оқушысы Кәусар Баймұрат, І орынға А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназия оқушысы Жайдары Қайрат, ІІ орынға №2 ЖББМ оқушысы Ясмина Исмагулова, ал ІІІ орынға Ш.Уәлиханов атындағы №1 ЖББМ оқушысы Айару Кенжебай, ІІІ орынға Кейкі батыр атындағы №4 ЖББМ оқушысы Айару Сайлау ие болды. Сонымен қатар, ән байқауына белсене қатысқаны үшін М.Әуезов атындағы №5 ЖББМ оқушысы Айару Уәли мен Ә.Бөкейхан атындағы ЖББМ оқушысы Айша-бибі Есімханға ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.
Барлық жеңімпаз оқушылар қосымша білім беру орталығының мадақтамаларымен және естелік сыйлықтарымен марапатталды. Балалардың жазғы демалысында бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін барлық жағдайлар жасалған. Осылайша, жазғы лагерьдің әр күні қанық, сәнді де мәнді өтуде және балалық шақтан көптеген жағымды әсер қалдырмақ ниетте.
Инабат ЖӘМЕЛОВА,
Қосымша білім беру орталығының педагогі,
отбасылық «Жанұя» клубының жетекшісі
Арқалық қаласы
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.