Тіл үйрену үшін қажеттілік не мәжбүрлік емес, шынайы қызығушылық болуы маңызды. Осы мақсаттағы «СөйлеTime» клубының мақсаты – интерактивті қарым-қатынас форматы арқылы жайлы ортада, еркін жағдайда қазақ тілін үйрету.

Мемлекеттік тілді үйренгісі келетін әр азаматқа көмек көрсету, өз ойын қазақ тілінде жеткізуге үйрету. Бұл қаланың қызықты адамдарымен кездесу, кітаптарды, фильмдерді, қалалық оқиғаларды және т.б. талқылау болуы мүмкін. Жуырда қалалық орталық кітапханасында «СөйлеTime» клубының кезекті кездесуі өтті.
Шараны Рудный қаласы музыкалық колледжінің қонағы Абылайхан Ердаулетов салтанатты күймен ашып берді. Келген қонақтармен танысу мақсатында «Есіңде сақта!» ойыны ойнатылып, сөздік қорын молайту үшін сұрақтар қойылды. Алые Паруса көркемөнерпаздар халық шығармашылығы бөлімінен келген қонағымыз Мәншүк Сайдуллаеваның орындауында «Туған ел» атты әнін тыңдап, бой жазып алдық. Әрі қарай тілдерді оқыту орталығының мұғалімі Дана Жақсылыққызының тізгіндеуімен «Ғажайып алаң» танымдық зияткерлік ойынымен жалғасты. Ойын бәрімізге мәлім «Поле чудес» үлгісінде жүргізілді.
Ойынға Рудный қаласындағы №9 бастауыш мектебінен Яна Мусатова, Марина Рябцева, Дарья Андреева, Перцев негізгі орта мектебінен Любовь Чубукова, Рудный қалалық сотынан Сергей Новосельцев, Рудный қаласының тұрғыны Надежда Белозерских, «Рудный көлік және транспорт колледжінің» студенті Макпал Сабидуллаева, «Рудный тау-кен технологиялық колледжінің» студенттері Светлана Емалетдинова, Виктория Широкова қатысты. Нәтижесінде барлық қатысушыларға Алғыс хаттармен қатар блокнот, қалам, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30-жылдық мерейтойы аясында жасалған кружкалар табысталды. Келген қонақтарымыз әннен шашу шашып, кездесуіміз тартысты әрі қызықты өтіп, ойын жеңімпазымыз Надежда Белозерских арнайы дипломмен марапатталды.
Мемлекеттік тілді үйренуге ынтасы бар тұрғындар үшін керемет мүмкіндік жасалуда. Қазіргі таңда облыс бойынша 20 мемлекеттік тілді оқыту орталықтары қызмет атқаруда. Клубқа кез келген қала тұрғыны жазыла алады. Кездесулер аптасына бір рет әр түрлі алаңдарда, еркін форматта, грамматикасыз өзара тілдесу арқылы тез әрі оңай меңгертеді. «Қазақ тілін үйренейік, қазақ тілін үйретейік» жобасына ат салысыңыздар.
Қ.Садуллаева,
Рудный қаласы
Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.