«Шұғыла» БЖШО дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің мұрындық болуымен балалардың бойында қазақстандық патриотизм қалыптастыру және балалар ұйымдарының қызметін жандандыру мақсатында «Толағай» отбасылық сайысы ұйымдастырылды.
Балалар ұйымдары күніне арналған облыстық бырыңғай акциясы аясында өткізілген іс-шара оқушылар мен ата-аналарға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру және сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысудың маныздылығын көрсету, адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы саламатты өмір салтын ұстануға байланысты екенін ұғындыру мақсатында қолға алынған.
Отбасылық дода аясында «Таныстыру», «Шынықсаң шымыр боласың», «Кім жылдам?», «Кенгуру», «Атпен секіру», «Асық ау», «Арқан тартыс» сынды сайыс түрлері өтті. «Спорт – денсаулық кепілі» демекші, «Толағай» спорттық сайысының қортындысы бойынша жүлделі I орынды «Батыр» тобы, II орынды «Жігер» тобы, ал III орынды «Қыран» тобы иеленді. Сайыс қызықты әрі тартысты өтіп, қатысқан әр отбасыға рухани және мәдени мереке сыйлады.
Қазақ танымындағы әке-шеше мен балаға мақал-мәтел мен аңыз-әпсананың бәрі де шаңыраққа ұялаған шаттықты сақтауға үндейді. «Әке – асқар тау, ана – баурайындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ» деп отбасындағы әр адамның мәртебесін бекітіп, бекемдеп отырған.
Әнет ЖҰМАБЕК,
«Шұғыла» БЖШО
көркемдік жетекшісі,
Амангелді ауданы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.