Волейболдан қалалық турнир

Выпуск - №45 (542)   :   20.11.2022
552

Саламатты өмір салтын қалыптастыру, спортпен шұғылдану – деніміздің сау болуының негізгі кепілі. Қостанай қаласындағы №29 жалпы білім беретін мектебінде дене шынықтыру мұғалімдері арасында волейболдан қалалық жарыс ұйымдастырылды.

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын мерекелеу аясында, сондай-ақ саламатты өмір салтын қалыптастыру, спортқа деген қызығушылықты арттыру, педагогтердің кәсіби шеберлігін шыңдау мақсатында ұйымдастырылған тартысты жарыста командалар бар шеберліктерін көрсетті. Спорттық шараға №10, 15, 20, 27, 28, 29, 115 мектеп командалары қатысты. Жарыстың жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткенін атап өткен жөн.

Шабуыл жасалып, қорғанысқа да шыққан мұғалімдер өз командалары үшін аянып қалмады. Мұғалімдер көптеген жағымды эмоцияларға ие болып, жас педагогтермен тәжірибе бөлісті. Тартысты өткен жарыстың нәтижесі бойынша жүлделі 1-орынды №27 ЖББМ, 2-орынды №29 ЖББМ, 3-орынды №115 ЖББМ командалары иеленді. Жеңімпаз әріптестерімізді құттықтаймыз!


Гүлнар АБДИГАПАРОВА,
№29 ЖББМ директордың
тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары,
Қостанай қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.