Үлгілі отбасы – қоғам тірегі

Выпуск - №47 (544)   :   02.12.2022
972

Отбасы құндылықтарын насихаттап, ата-ана мен бала арасындағы ізгі қарым-қатынасты дамыту мақсатында және ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының мерейтойына орай қалалық «Жанұя» клубтары арасында «Біз бақытты жанұя» отбасылық байқауы өткізілді.

Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Ол белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Баланың алғаш рет өмірімен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игеретін орта. Қазақ халқының данышпан ақыны Абайдың: «Дүние – үлкен көл, заман – соққан жел, алдыңғы толқын – ағалар, кейінгі толқын – інілер, кезекпенен бөлінер, баяғыдай көрінер», – деген нақыл сөзі бар. «Әке – тау, ана – бұлақ, бала – жағасындағы құрақ» демекші, ата-ананы қадірлеу, олардың ақ сүтін ақтауға тырысу – әр перзенттің міндеті.

Отбасы құндылықтарын насихаттаған байқауға қала мектептерінен 7 отбасы қатысты. Байқау төрт кезең бойынша жүргізілді. І кезең: «Таныстыру». Бұл кезеңде қатысушы отбасылар өз отбасыларын таныстырды. ІІ кезең: «Оқуға құштар отбасы». Бұнда олар А.Байтұрсынұлының шығармаларынан тапсырмала орындады. ІІІ кезең: «Кім тапқыр?». Онда қызықы тапсырмалар топтамасы ұсынылды. Ал соңғы «Кино әлемі» атты IV кезеңде қатысушылар экранда көрсетілген суреттерден қандай фильм екенін табулары қажет болды.

Байқау барасында қатысушылар өздерінің отбасылық құндылықтарымен қатар дәстүрлерімен де бөлісе отырды. Тартысты да қызызыққа толы байқау барысында отбасылар өнерлерін де, білімдерін де көрсете білді. Отбасылар бақ сынысып қана қоймай, қарсылас топтармен достасып та кетті. Нәтижесінде І орынға Туримтаевтар отбасы (№8 негізгі мектеп), ІІ орынға Маудановтар отбасы (Бастауыш гимназия), ал ІІІ орынға Баймағанбетовтар отбасы (№1 мектеп) лайық деп танылды. Сондай-ақ Бекентаевтар отбасы (№4 мектеп) – «Тату отбасы», Кулмаганбетовтар отбасы (№3 мектеп) – «Ынтымақты отбасы», Абдрахмановтар отбасы (№6 мектеп-гимназия) – «Өнегелі отбасы», ал Құрымғалиевтар отбасы (Родина мектебі) «Үлгілі отбасы» номинациясына ие болды.

Барлық жеңімпаз отбасылар орталықтың мадақтамасы мен естелік сыйлықтарға ие болды. Әрбір шаңырақтың беріктігі – үлкендердің үлгі-өнегесі мен өзара сыйластығы мен қамқорлығына байланысты. Бақытты отбасы – ел болашағының алтын діңгегі болса керек. Әрқашан ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін мерейлі отбасылардың саны арта берсін.


Инабат ЖӘМЕЛОВА
Қосымша білім беру педагогі,
Арқалық қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.