Ұлттық құндылықтар – шығармашылық дамудың негізі

Выпуск - №19(715)   :   15.05.2026
487

фото Семинар (1)

Арқалық қаласындағы Қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен «Ұлттық құндылық және заманауи шығармашылық: қосымша білім берудегі үйлесімді даму» тақырыбында қалалық деңгейдегі мазмұнды семинар өтті.

Қосымша білім беру кеңістігінде ұлттық құндылықтарды дәріптеп қана қоймай, заманауи шығармашылықпен ұштастыру, педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау және олардың шығармашылық әлеуетін арттыруды көздеген іс-шараға қала мектептерінің басшылары, тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасарлары мен үйірме жетекшілері қатысып, өзара пікір алмасу алаңына айналған маңызды кездесуге куә болды.
Тағылымды семинардың ашылу салтанатында қалалық білім бөлімінің басшысы Маметеков Есламбек Жеңісұлы сөз сөйлеп, қатысушыларға ізгі тілегін білдірді. Сонымен қатар қонақтарға орталықтың жұмыс бағыты мен жеткен жетістіктерін таныстыру мақсатында арнайы экскурсия ұйымдастырылды. Бұл іс-шара қатысушыларға қосымша білім беру жүйесінің мүмкіндіктерімен кеңінен танысуға жол ашты.

фото Семинар (2)


Семинар жұмысы 3 негізгі бағыт бойынша өткізіліп, әр бағытта педагогтер тәжірибелерімен бөлісті. Отбасылық шығармашылық-эстетикалық бағыт аясында «Жанұя» клубының жетекшісі З.Демесинова «Ұлттық құндылық жанұядан басталады» тақырыбында тренинг өткізіп, отбасы тәрбиесінің маңыздылығын жан-жақты көрсетті. Артынша И.Жәмелова «Білім мен тапқырлық алаңы» атты зияткерлік ойын ұйымдастырып, қатысушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға ықпал етті. Ал жас маман А.Айтқазы «Наурыз Quiz» ойынын ұйымдастырып, ұлттық тақырыптағы білімді қызықты форматта бекітті.
Шығармашылық өнер бағыты «Педагогтің ұйымшылдығы – табыстың кілті» тақырыбындағы тренингпен бастау алып, педагогтердің кәсіби қарым-қатынас пен бірлескен жұмыстағы маңызын айқындады. Сонымен қатар «Тұз бен клейдің көмегімен бейнелеу» атты дәстүрлі емес сурет техникасына арналған сабақ та өткізіліп, оның аясында тың әдіс-тәсілдер көрсетілді. Семинар жұмысы «Папье-маше техникасында ұлттық арт-терапия әдісін қолдану» атты шебер-сағатпен қорытындыланып, қатысушыларға шығармашылық тұрғыдан жаңа серпін берді.
«Ұлттық ойындар шеруі» бағыты қатысушылардың айрықша қызығушылығын тудырды. Бұл бөлімде білім беру ұйымдарының басшылары арасында «Бестемше» мен «Садақ ату» ойындары ұйымдастырылса, оқушылар қол күрес пен таяқ тарту бойынша бақ сынады. Ұлттық ойындар арқылы қатысушылар салт-дәстүрдің тәрбиелік мәнін тереңірек түсінді. Семинар соңында білім бөлімінің әдіскері Гүлнұр Тұрғынқызы қорытынды жасап, қатысушылар өздерінің ой-пікірлерін ортаға салды.
Жиын барысында жалпыға міндетті білім беру стандарттарын тиімді жүзеге асыру, заманауи талаптарға сай сабақ үлгілерін әзірлеу, сондай-ақ педагогтердің озық тәжірибесін кеңінен тарату және ұсынылған әдістерді тәжірибеде қолдану бойынша нақты ұсыныстар қабылданды. Аталған семинар – ұлттық құндылықтарды жаңғырта отырып, заманауи білім беру жүйесін дамытуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды. Мұндай іс-шаралар педагогтердің кәсіби дамуына серпін беріп қана қоймай, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеуге үлкен үлес қосары сөзсіз.

Ляззат ЕСМАҒАНБЕТ,
Қосымша білім беру
орталығы директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,
Арқалық қаласы

Реклама

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.