Еліміздің тарихында қаншама батыр ата-бабамыз бар. Оларды ұмытуға әсте болмайды, ешқашан ұмыта алмаймыз, себебі дәл казіргі біздің бақытты күндеріміз бен ашық аспан астындағы өмірді сол жандар бізге сыйлаған. Дәл осы жайт мені шабыттандырған еді.

Мен 2018-2021 оқу жылдары аралығында өздігінен білім алу жоспарым бойынша, «Дала шабандозы» атты ұлттық нақыштағы батыр киімінің үлгісін жасау жоспарда болды. Жоспар бойынша ашық сабақтар сериясы мен аудандық семинарларға қатысып білімімді шыңдадым. 2019-2020 оқу жылында облыстық «Жас дарын» көрмесіне «Дала шабандозының» киім үлгісін көрсетілімге шығарып, жүлделі орынға ие болдық. Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралына жариялаған болатынбыз. Биыл жоспардың соңғы жылында шағын сән көрсетілімі өтті.
Сән көрсетіліміне балалар шығармашылық үйінің директоры Е.Колядина және директордың оқу және тәрбие ісі жөніңдегі орынбасары Г.Жаксыбаева қатысты. Сән көрсетіліміне 4 костюм ұсынылды. Әр костюм қайталанбас ерекшелігімен көзге түсіп өзіңдік орын алды.Әр костюм жасанды және таза былғарыдан тігіліп, оюланып, әшекейленіп безендірілген.Сән көрсетілімінің соныңда Балалар шығармашылық үйінің директоры Е.Колядина сөз сөйлеп, жылы лебізін білдіріп шығармашылық табыс тіледі. Дәл осы «Дала шабондозы» жұмысым арқылы, ішкі дүниемді, ойларымды, кең даламыздың батырларына деген рахметімді білдіре алдым деп ойлаймын.
Ұлболсын ҚАЙЫРЛАП,
Балалар шығармашылық
үйінің «Пішу және тігу»
студиясының жетекшісі,
Жітіқара қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.