«Біртұтас тәрбие» бағдарламасының «Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында Федоров ауданындағы балалар шығармашылық үйінде «AVIS» дебат үйірмесі жұмыс істейді. Үйірме жұмысы оқушылардың тілдік дағдыларын дамытуға және тақырыптық талқылаулар арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған.
Қазіргі өскелең ұрпақтың ауызекі сөйлеу дағдылары, өз ойын толық жеткізу, қоршаған ортада болып жатқан оқиғаларды түсіну және оларға сын көзбен қарау қабілеттері баяу дамып келеді. Оның негізгі себептерінің бірі – ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы мен олардың өмірімізге терең енуі. Бірнеше жыл бұрын ересектер де, жастар да санамыздағы қалыптасқан стереотиптерді жойып, ойлау еркіндігін арттыратын осындай мобильді күштің пайда болатынын елестете де алмаған едік. Дәл осы мәселе қазіргі таңда оқушылардың еркін дамуына, ойлау мен сөйлеу дағдыларының ұштасуына, өз ойларын дәлелдеп, пікір алмасуына кері әсерін тигізуде.
Дебат үйірмесі аталған олқылықтардың алдын алып, білім алушыларды түрлі көзқарастарға төзімділікпен және құрметпен қарауға, мәселенің мәніне терең үңілуге үйретеді. Сонымен қатар, шешендік өнерін дамытып, топта жұмыс істеу дағдысын қалыптастыруға және көшбасшылық қабілеттерін шыңдауға ықпал етеді. Оқушылар танымал емес идеялар мен пікірлермен жұмыс істеуді үйреніп, деректерді реттеу, дәлел келтіру, көпшілік алдында еркін сөйлеу шеберліктерін меңгереді. Нәтижесінде олардың өмірге деген құлшынысы артып, өзін-өзі жан-жақты дамытқан, өмірлік көзқарасы айқын тұлға ретінде қалыптасады.
Осы дағдыларды дамытуды мақсат еткен «AVIS» дебат клубы 2024 жылдың қыркүйек айынан бастап жұмыс істеп келеді. Оның жетекшісі – қосымша білім беру педагогі Ануар Бурлен. Қазіргі уақытта үйірме құрамында 20 білім алушы бар. Ал, бағдарлама жоғарыда аталған дағдыларды қалыптастыруға бағытталған тақырыптарды қамти отырып, жүйелі түрде жоспарланған. Дебат үйірмесіне 8-15 жас аралығындағы мектеп оқушылары қатысады. Жалпы, бағдарлама пікірсайыс дағдыларын дамытуға арналған тиімді әрі инновациялық технологияларды қолдануды көздейді.
Аптаның сейсенбі және сәрсенбі күндері үйірме жоспарға сәйкес өткізіліп тұрады. Сабақтар теория мен практиканы үйлестіре отырып жүргізіледі. Білім алушылар бүгінде дебат форматтары мен олардың жүйелі ережелерін толық меңгерген. Үйірменің практикалық бөліміндегі ойындар әрдайым тартысты өтеді. Әр ойын барысында клуб мүшелері төреші, таймкипер және әр формат бойынша ойыншылар ретінде бөлініп, өздеріне жүктелген рөлдерді лайықты атқарады. Барлық білім алушы назардан тыс қалмайды. Бас төреші ретінде өзім клуб мүшелерін сырттай бақылап, бағыт-бағдар беріп отырамын. Осындай жүйелі жұмыстардың нәтижесінде оқушылар дебаттың жүйесін терең түсініп, уақытты тиімді пайдалануға үйреніп, келтірілген аргументтерді сараптауға дағдыланады.
Оқушыларға дебат үйірмесіне қатысқан өте ұнайды. Үйірменің алғашқы кезеңінде көпшіліктің алдына шығуға қысылып, біліп тұрса да, ойын жинақтап жеткізе алмайтын білім алушылар бұл күнде ойларын еркін білдіретін, өзіне сенімді тұлға ретінде қалыптасып келеді. Бұл жетістіктің айқын дәлелі – 2024 жылдың қараша айында П.А. Блохин атындағы аудандық WSDF форматы бойынша өткен турнирге қатысып, жүлделі ІІІ орын алған Ибрагим Шынуар, Інжу Айбекқызы және Гауһар Айбекқызының жеңісі. Сондай-ақ, 2025 жылғы қаңтар айының аяғында «Сайлау» тақырыбында АПФ форматында өткен турнирде Гауһар Айбекқызы «Үздік спикер» атанды. Дебат ойынын енді ғана үйреніп келе жатқан команда үшін бұл – үлкен жетістік.
«Шыдамды еңбек, алғыр ой – анық досың біліп қой», – дейді дана халқымыз. Шыдамдылық пен алғыр ойды серік етіп, әлі де биік белестерді бағындырамыз деп үміттенеміз. Ал, үміт – әрқашан алға жетелейді.
Назым БАТЫРБАЕВА,
Балалар шығармашылық
үйінің директоры,
Федоров ауданы
Благодаря профессионализму коллектива редакции и пониманию важности наших тем мы, педагоги, можем представить широкой аудитории региона самые актуальные материалы о своей работе, о достижениях коллег и успехах учащихся. Я считаю, что газета «Учительская плюс» играет ключевую роль в поддержке профессионального сообщества, в развитии образования Костанайской области. И горжусь тем, что могу внести свой вклад в это дело вместе с газетой.
«У страны с сильной прессой – большое будущее», – сказал Мыржакып Дулатов. Действительно, роль СМИ на пути роста сильного общества велика. С каждым годом становится всё больше и больше грамотных читателей со своим видением и потребностями. И это радует. Издание «Учительская плюс», вестник сферы образования нашего региона, заряжает педагогов творческим вдохновением. На протяжении нескольких лет в этой газете публиковались мои статьи, написанные с целью популяризации имён и достижений талантливых учителей и студентов Рудненского социально-гуманитарного колледжа им. И.Алтынсарина. В последние годы я начала писать небольшие произведения. И именно «Учительская плюс» впервые представила мои рассказы. Для меня это издание занимает особое место. Верю, что и в дальнейшем газета «Учительская плюс» со сформированной читательской средой продолжит процесс духовной поддержки творческих и талантливых педагогов.