Жылда Арқалық қаласындағы Қосымша білім беру орталығындағы клубтар мен үйірмелердің республикалық, облыстық, қалалық жетістіктерге жеткен оқушыларын марапаттау мақсатында «Үздіктердің үздігі» қорытынды жиынын өткізу дәстүрге айналған.

Аталмыш іс-шара биыл да жалғасын тауып, 2022-2023 оқу жылы қорытындыланды. Жиын барысында Қосымша білім беру орталығының директоры Зауреш Мақсұтқызы сөз алып, қонақтар мен ата-аналарға, оқушыларға жылы лебізін білдірді. Қалалық білім бөлімінің спорт әдіскері Даркенов Ораз Ғазизұлы биылғы жылдың республикалық, облыстық, қалалық жарыстарының жеңімпаздарын марапаттады. Жыл сайын қала және ауыл мектептерінің оқушылары арасында өткізілетін «Жеңіс» спартакиадасы да өз мәресіне жетіп, түрлі жарыстардан өткізілген аталмыш спартакиаданың жеңімпаз командалары да марапатсыз қалмады.
Жүлделі І орынмен Ш.Уәлиханов атындағы №1 ЖББ мектебінің командасы марапатталып, жеңімпаз атанса, ІІ орынды М.Әуезов атындағы №5 ЖББ мектебі, ал ІІІ орынды №2 ЖББ мектебінің командасы иеленді. Сонымен қатар үстіміздегі жылдың түлектері, орталықта өткен іс-шаралардың белсенді оқушылары, ата-аналар да орталықтың мадақтамасымен марапатталды. Сонымен қатар оқу жылында үздік нәтиже көрсеткен педагогтер «Үздік қосымша білім беру педагогі-2023» аталымымен марапатталды.
Атап өтер болсақ, «Тоғызқұмалақ» үйірмесінің жетекшісі Инирбаев Алпыс Қабиұлы, «Намыс» волейбол үйірмесінің жетекшісі Хасенов Ғабит Байғұлаұлы және «Жас дизайнер» қолөнер үйірмесінің жетекшісі Газезова Ботагүл Зияденқызына мадақтамамен қатар естелік сыйлықтар табысталды. Осылайша жиын барысында 130-ға жуық оқушы марапатталды. Алдағы оқу жылында да шәкірттеріміздің үздік нәтиже көрсететініне сеніміміз мол.
Ерлан АБДУАЛИЕВ,
Қосымша білім беру
орталығының
ұйымдастырушысы,
Арқалық қаласы
Я с детства полюбила читать газеты, потому что они всегда были в нашей семье. И до сих пор, несмотря на обилие новых носителей информации, я больше всего люблю газету, особенно нашу, учительскую, за продуманный, взвешенный подход, за подробность и объективность, за особую атмосферу, которая возникает от неспешного листания страниц. И ещё нравится, что «Учительская плюс» входит в список изданий, рекомендованных министерством просвещения для размещения материалов аттестуемых педагогов. Это очень мотивирует!
«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.
Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!