Жадырап жарқын жаз да келіп жетті. Бұл мезгілде мектеп оқушылары жазғы тынығу лагерьлеріне баруға асығады. Балалардың демалысын тиімді пайдалану мақсатында біздің №15 ЖББ мектепте де «Балдәурен» лагері жұмыс істеп жатыр.

Бірінші ауысымда бастауыш сынып оқушыларынан 3 топ құрылды. Оларға тәрбиешілер мен әртүрлі үйірмелер жетекшілері мазмұнды жоспарларымен балалардың демалыс сәттерін қызықты да көңілді ұйымдастыра алуда. Күнделікті жоспарға сәйкес сағат тоғызда келген балаларға таңғы ауада көңілді музыкамен спорт жетекшілері шынықтыру шараларын жасайды. Сағат 9:40 пен 11:30 арасында балғындар үйірмелердегі сабақтарға асығады. Жазғы лагерьде мектебіміздегі пән мұғалімдері ұйымдастырған «Денсаулық», «Шығармашылық», «Тіл үйірмесі», «Ақпараттық», «Экология», «Музыка әлемі» үйірмелері өз жұмыстарын жүйелі де тартымды өткізуге белсене қатысты.
Бірі ағылшын, орыс және қазақ тілі үйірмелерінен бұрын алған білімдерін одан сайын ұштаса, екіншілері сурет салудың, ән айтудың қыр-сырын білмекке құмартып, шығармашылық қабілеттерін арттырды. Бұл үйірмелер балалардың білім көкжиектерін кеңейтуіне септігін тигізетіні анық. Балалар ойын ойнап қана қоймай, танымдық қабілеттерін ұштастыра алу мақсатында Л.Н. Толстой атындағы облыстық кітапханаға саяхатқа барып, ондағы арнайы бөлімдердің жұмыстарымен танысты. Әр алуан тақырыпта кітаптарды көріп, кітап оқуға деген құштарлықтары оянса, келесі кезекте Жеңіс паркіне барып, әскери техникаларды тамашалап, ағаштар арасында таза ауада демалып қайтты. Артынша Қостанай плазада орналасқан «Zodiac» кинотеатрына да балалар қызықты мульфильмді көруге қуана барды.
Сонымен қатар топтар арасында «Мейірімділік әлемі», «Мен жас оқырман», «Менің сүйікті қалам!», «Менің ауламдағы спорт», «Бояулар фестивалі», «Отбасылық ас үй» тақырыбында ұйымдастырған іс-шараларға ұйымшылдықпен қатысып, күн сайын қызықты сайыстардың бел ортасында жүрді. Мектеп асханасында күнделікті дәмді де құнарлы дайындалған ас та берілді. Осылайша лагерьдің әр күні сәнді де мәнді өтуде. Бұл тұста балалардың демалыстарын тамаша өткізуіне үлес қосқан тәрбиешілердің еңбектерін айта кеткен жөн деп санаймын, себебі балалардың көңілді демалып жатқандығы жүздерінен көрініп тұрды.
Баглан ЕРГАЗИНА,
№15 ЖББ мектептің
бастауыш сынып мұғалімі,
Қостанай қаласы
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.