Жаңа бастама, жаңа белес

Выпуск - №14(511)   :   09.04.2022
439

Биыл Меңдіқара ауданының балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйінде «Jastar» дебат үйірмесі ашылып, жұмысын бастады. Алғашқы күндері 15 баладан құралған топ жасақталып, білім алушылардың жүйелі ойы, сыни көзқарастары бақыланды.

Ұлттық сананы жаңғырта отырып, рухани тұрғыда тұлғаны жан-жақты дамытудың басты факторы неде деп ойлайсыз? Болашақтың тізгінін ұстар бүгінгі жас және бәсекеге қабілетті тұлғаларды тәрбиелеудің бірден-бір жолы – пікірсайыс алаңы деп білемін. Ауданымыздың балалар мен жасөспірімдер шығармашылық үйінде ашылған дебат үйірмесінің президенттігіне Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы Ақниет Маратқызы тағайындалса, премьер-министр қызметіне аталмыш мектеп-гимназияның 9-сынып оқушысы Жанерке Есенова орнықты.

Қазіргі уақытта үйірме ішіндегі әр білім алушыны толыққанды дебатер деп айта аламыз. Оның дәлелі турнирішілік, аудандық, облыстық турнирлардан көрініп отырған нәтиже. Айта кетер болсақ, аудандық «Ұшқыр ой» алаңы турнирінен кіші лига бойынша Ақниет Маратқызы, Жанна Сақтағанова 1-орынды иеленсе, жоғарғы лигада Жанерке Есенова мен Жанерке Жакенова 1-орынды қанжығасына байлады. Ең үзік спикер атағы Ақниет Маратқызы мен Жанерке Есеноваға бұйырды. Ал ақпан айының басында өткізілген облыстық дебат турнирінде аудан атын «Jastar» дебат үйірмесінің мүшелері Жанерке Есенова мен Жанерке Жакенова қорғады. Ойын қорытындысы бойынша Жанерке Есенова «Ең үздік 5 спикер» қатарына іліккенін айта кеткен жөн.

Жастардың жан-жақты дамуы мен қоғамдық байланысын нығайтудың басты факторы дебат деп білемін. Үйірмедегі жастарды одан әрі шыңдау мақсатында семинарлар, конференциялар, вебинарлар, шебер-сыныптар өткізіліп тұрады. Әр жеткіншектің өмірге деген көзқарасын қалыптастырып, бәсекеге қабілетті тұлға болып шығуына тәрбиелейтін дебат ойындары сөздік қордың молаюына, шынайы тұрғыда сөз өнерін жетік меңгеруге көмек беретін құрал. Ол әр тұлғаны жетілдіретін жаңа бастама, әр тұлғаға жол ашатын жаңа мүмкіндік, әр тұлғаның өзін көрсетудегі жаңа белес.


Бақытжамал КЕҢШІЛІК,
Балалар және жасөспірімдер
шығармашылық үйінің
қосымша білім беру педагогі,
Меңдіқара ауданы

Реклама

Я с детства полюбила читать газеты, потому что они всегда были в нашей семье. И до сих пор, несмотря на обилие новых носителей информации, я больше всего люблю газету, особенно нашу, учительскую, за продуманный, взвешенный подход, за подробность и объективность, за особую атмосферу, которая возникает от неспешного листания страниц. И ещё нравится, что  «Учительская плюс» входит в список изданий, рекомендованных министерством просвещения для размещения материалов аттестуемых педагогов. Это очень мотивирует!

«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.

Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!