Жайдарлы жаздың қызығы

Выпуск - №000(000)   :   14.06.2024
594

image

Жыл сайын оқу жылы аяқталғаннан кейін балалар жазғы лагерлерге асығады. Қуанышқа толы көңілді жаздың ұмытылмас естеліктерін сыйлап, балалар демалысын қызықты өткізу үшін, әдеттегідей, Әулиекөл аудандық өнер мектебінің ұстаздары септігін тигізді.

Жайраңдаған жаздың қуаныш пен шаттыққа толы ұмытылмас естеліктері балалардың осындай жазғы демалыс лагерінен бастау алары сөзсіз. Жазғы лагерь өз жұмысын үстіміздегі жылдың маусым айының 3-інен бастады. Демалыс қызықтарының басты мақсаты – балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және дарындылығын анықтай отырып, балалардың шығармашылық қабілеттерін жан-жақты бағытта дамыту. Бүлдіршіндер бұл жерде күндерін көңілді әрі қызықты, ал ең бастысы пайдалы өткізуде.
Күн сайын жоспарға сай таңғы жаттығулар, тәрбие сағаттары, байқаулар ұйымдастырылады. Тәлімгерлер болса, балалардың демалысы көңілді, қуанышқа толы болуы үшін күш-жігерін, шығармашылық қабілеттерін аямай, әр күнге жоспарланған қызықты мерекелік іс-шараларды өткізіп отырады. Жоспар бойынша, «Алло, мы ищем таланты», «Повтори за мной» флешмобы, «Музыка нас связала» музыкалық викторинасы, «Веселый старт» спорттық ойыны, «Принеси воды нептун» тақырыбындағы квест сияқты көңілді мерекелік шаралар аталып өтілді.
Топтық спорттық ойындар, саяхаттар, табиғат аясындағы көңілді ойындар, экскурсиялар, флешмобтар, түрлі тақырыптағы дөңгелек үстелдер жоспарда әлі де бар. Тәрбиеші мұғалімдер ұйымдастырған танымдық сабақтарға оқушылар қызығушылықпен келіп, көп нәрсе үйренгенін айтады. Өткізілген іс-шаралар, әр баланың талантын ашуға және дамытуға көмектеседі және достарымен бірге сүйікті ісімен айналысуға мүмкіндік береді.
Мұның бәрі жеткіншектердің қызығушылығы мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ететіні анық. Зерттеулер мен белсенді танымдық шараларға қатысуға мүмкіндік берілетіні тағы бар. Лагерьдің айта кетер басты артықшылығы әрі пайдасы – таза ауасы. Балаларға арнап ашық алаңда саяхаттар ұйымдастырылып, әртүрлі ойын түрлері өткізіліп, бүлдіршіндерге жаздың ұмытылмас естеліктерін сыйлайды. Осылайша әр күні мәнді де сәнді өткен жазғы демалыстың алғашқы айы балалардың көңілінен шықты.

Маржан АКШАЛОВА,
Әулиекөл аудандық өнер
мектебі директорының
ТЖ орынбасары

ГЛАВНЫЕ НОВОСТИ

Путь, заданный великим учителем

2 дня назад в 14:44

Патриотическое воспитание

Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия

2 дня назад в 14:40

Профессиональное содружество

Эффективное взаимодействие педагогов и родителей

2 дня назад в 14:36

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

История первого детского сада Лисаковска

2 дня назад в 14:33

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

Актуально

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.