Үстіміздегі 2023 жылдың жазғы алаңының ашылуына орай мектеп тәлімгерінің ұйымдастыруымен Мичурин ЖББ мектебінде «Жарқын» педагогикалық жасағы құрылды. Ал маусымның 1-і күні «Балдаурен» мектепалды лагерінің ашылу салтанаты өтті.
Педагогикалық жасақ – бұл жасөспірімдердің өздері үшін ерекше ұйымдастырылған әлеуметтік және жеке маңызды, белгілі бір бағыттағы әуесқойлық. Педагогикалық жасақ құрудағы ең басты мақсатымыз – мектеп оқушыларының қоғамдық белсенділігін қалыптастыруға жәрдемдесу, педагогикалық ізденіске қызығушылықты тәрбиелеу, сонымен қатар оқушылар арасында мұғалімдік мамандықты насихаттау. Одан қалды кәсіби өзін-өзі анықтау міндеттерін өз бетінше шеше алатын, белсенді әлеуметтік ұстанымы бар, әлеуметтік жетілген тұлғаны қалыптастыру да назардан тыс қалмады.
Жоғарыда атап өткеніміздей, маусым айы басталысымен «Балдаурен» мектепалды лагері оқушыларға есігін айқара ашты. Ашылу салтанатында «Жарқын» педагогикалық жасағы өзін таныстырып, би билеп, балаларға қызықты ойындар ойнатты. Мереке соңында балаларға демеушілер атынан тәтті балмұздақтар сыйға тартылды. Айта кету керек, сөз етіп отырған «Жарқын» педагогикалық жасағы – өте жас жасақ. Жасақта 6-9 сынып оқушылары бар. Тәлімгерлер отрядының өз қызмет бағдарламасы, жарғысы, ұраны, әні, айрықша атрибуттары және дәстүрлері мен рәсімдері бар.
Жасақ жұмысының негізгі мазмұны – жазғы алаңдағы балалар ұйымдарының жұмысын ұйымдастыру және көмек көрсету, жазғы мектеп алаңының мәдени демалысын қамтамасыз ету, қызықты ойындар, тренингтер, квесттер өткізу. Және де балаларды таңғы жаттығу жасап, асханада өзін ұстау ережесімен таныстыру да олардың бір міндеті десек те болғандай. Әр күннің өз тақырыбы болады. Соған сай тәлімгерлер іс-шара ұйымдастырып, балалардың барынша көңіл-күйлерін көтеруге тырысады.
Мысалы, жазғы алаңның бесінші күні «Жасыл ел» деп аталды. Балалармен далада экологиялық квест өткізіліп, әртүрлі тапсырмалар беріліп, соңында қызықты эксперименттер жасалды. Сол сияқты жазғы алаңның бірінші ауысымы қызыққа толы болып өтті. Балалар да қызыққа толы іс-шаралардан өзіне бір ой түйіп қана қоймай, көңілді демалыс өткізеді ғой деп сенеміз.
Айнагуль КАЗЫБАЕВА,
Мичурин ЖББ
мектебінің тәлімгері,
Қостанай ауданы
Я с детства полюбила читать газеты, потому что они всегда были в нашей семье. И до сих пор, несмотря на обилие новых носителей информации, я больше всего люблю газету, особенно нашу, учительскую, за продуманный, взвешенный подход, за подробность и объективность, за особую атмосферу, которая возникает от неспешного листания страниц. И ещё нравится, что «Учительская плюс» входит в список изданий, рекомендованных министерством просвещения для размещения материалов аттестуемых педагогов. Это очень мотивирует!
«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.
Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!