
Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен қосымша білім беру саласының 100 жылдығына арналған «Жас келсе іске» атты байқау болып өтті. Жас мамандардың біліктілігі мен білімділігіне сынақ болған бұл байқауға қаламыздағы қосымша білім беру орталығының мамандары қатысты.
Үш кезеңнен тұрған бұл байқауда қатысушылар өз өнерлерін ортаға салып қана қоймай, өздері қызмет атқаратын білім беру орталығының тарихына қатысты сұрақтарға жауап беріп, түрлі жағдаяттардан (ситуациялық сұрақтар) шығу шеберлеріктерін көрсетті. Қазылар қорытындысымен байқау жеңімпазы болып қалалық «Жанұя» отбасылық клубының жетекшісі Инабат Жәмелова танылды. Одан кейінгі орындарды «Намыс» клубының педагогы Әйгерім Максимқызы, «Былғары доп» клубының педагогы Қанат Сәлімжанұлы және «Мирас» терме үйірмесінің жетекшісі Нұрдәулет Сайлаубайұлы алды. Арнайы жүлде «Сұңқар» хоккей клубының педагогы Қуаныш Серікұлына берілді. Жүлдегерлер мен қатысушылардың барлығы да бағалы сыйлықтарға ие болды.
Елбасы биылғы Жолдауында «2019 жыл – Жастар жылы» деді. Сондай-ақ, Н.Ә. Назарбаев: «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі балалар, ұстаз оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан, ұстазға жүктелетін міндет ауыр. Ұрпаққа тәрбие беру, білім нәрімен сусындату – екінің бірінің қолынан келе бермейді», – деп нұсқаған. Аталған байқау Елбасы сөзін басты ұстаным етіп, шығармашылық тәжірибе алмасу мақсатында өтті.
Нұрдәулет ТОЙШИН,
Қосымша білім беру
орталығының
қосымша білім беру педагогы,
Арқалық қаласы
Я с детства полюбила читать газеты, потому что они всегда были в нашей семье. И до сих пор, несмотря на обилие новых носителей информации, я больше всего люблю газету, особенно нашу, учительскую, за продуманный, взвешенный подход, за подробность и объективность, за особую атмосферу, которая возникает от неспешного листания страниц. И ещё нравится, что «Учительская плюс» входит в список изданий, рекомендованных министерством просвещения для размещения материалов аттестуемых педагогов. Это очень мотивирует!
«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.
Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!