Жуырда Рудный қаласындағы Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясында «Жас мамандар» мектебінің жетекшісі Г.Құрманова жас мамандарға арналған шеберлік сыныбын өткізді.

Аталмыш шеберлік сынып барысында жас мамандарға оқытудың әдіс-тәсілдері, нақтылай айтатын болсақ «Интербелсенді әдіс-тәсіл түрлері» туралы айтылды. Интербелсенді оқу/оқыту көптеген жұмыс түрлері мен әрекеттерді, мысалы, бірлескен жұмыстар жеке, жұптық, топтық, бүкіл аудиторияның зерттеу жұмыстары, рөлдік ойындар, ақпараттың әртүрлі көздерімен жұмыс істеу, шығармашылық жұмыстар, т.б. арқылы жүзеге асады.
Ағылшын тілінен аударғанда «inter» – «өзара», «act» – «әрекет жасау» дегенді білдіреді. Яғни интербелсенді әдістер үйретуші (мұғалім) мен үйренушілердің (оқушы) өзара әрекеттесуін оқу/оқытудың негізі деп танитын және сондай қатынасқа жағдай жасайтын әдістер. Жұмыс барысында жас мамандар бірнеше топқа бөлініп, әр түрлі топтық жұмыстар орындап, жұмыстарын ортаға шығарып қорғады. Ұсынылған жұмыстарға басқа топ жастары өз ұсыныстары мен кері байланыстарын беріп отырды.

Шеберлік сынып соңында арнайы бағдарлама арқылы жас мамандар бірнеше сұрақтарға жауап беріп, белсенді мұғалімдер анықталды. Осындай шеберлік сыныптардың арқасында жас мамандар көп үйреніп, алған-білген ақпараттарын оқушыларға үйретіп, сабақтарын одан әрі қызықты етіп өткізеді. Шеберлік сабақ нәтижесінде жас мамандар сабақты қалай тиімді, қызықты және сапалы үйретудің жолдарын біліп, өздеріне нақты қортынды жасады.
«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» айтар болсақ, жас маманның кәсіби қабілетіне және құзыреттілігіне байланысты «жаңашыл ұстаз» болып дағдыланады. Ал «жаңашыл ұстаз» – заман талабы десек, сол уақыт талабының негізгі мақсаты: еліміздің өркендеп, беделді елдермен терезесін теңестіру. Бұл мақсаттың жүзеге асып, жемісін көруі үшін жастар аянбай еңбек етуі қажет. Себебі, жастар – Қазақстанның болашағы.
Айзат АМАНГЕЛДІ,
Б.Майлин атындағы
№7 мектеп-гимназиясының
ағылшын пәні мұғалімі,
Рудный қаласы
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.