«Адам бойындағы басты сезім – парыз сезімін ұштап, тәрбиелеу», – деп Б.Момышұлы айтқандай, бүгінде болашақ жас сарбаздарды тәрбиелеудемін. Осыған орай Қосымша білім беру орталығында «Жас сарбаз» клубының білім алушыларымен арнайы іс-шара өтті.

Басты қағидам: білім алушыны Отансүйгіштікке, рухани, моральдық-психологиялық тұрғыда әскери тәртіпке бейімдеу, екінші кезеңі теориялық сабақты дуальды түрде практикаға ауыстыру, яғни арнайы құралдар мен қару-жарақты пайдалануды үйрету және шебер қолдануын дамыту.
Ішкі істер органдарында қызмет өткерген тәжірибемді оқушылармен алмасу мақсатында жастарды Отан қорғау жолындағы қиындықтарға мойымауға тәрбиелеу, қару-жарақты, арнайы құралдарды шебер қолдануын жетілдіру, әскери қызметке қызығушылығын арттыру үшін ҚР ІІМ ҚАЖК «41 мекемесі» РММ әкімшілік ғимаратында қызметкерлердің қатысуымен ҚР құқық қорғау Заңы шеңберіндегі әскери күрес тәсілдері, арнайы қорғаныс құралдары мен Макаров тапаншасы және Калашников автоматын бөлшектеп-жинақтау әскери тактикалық оқу-жаттығу іс-шарасын ұйымдастырдым.
Оқушылар оқу-жаттығу іс-шарасына қызуығушылық танытып, біраз тәжірибе жинақтады. Ата-аналар да алғыстарын білдірді. Режим аймағы болып саналатын мекемеде әскери тактикалық оқу-жаттығу іс-шарасын өткізуге рұқсат беріп және мекеме қаладан қашық орналасуына байланысты автокөлікпен қаматамасыз еткені үшін ҚР ІІМ ҚАЖК «41 мекемесі» РММ бастығы әділет полковнигі Б.Шарипбековке, сонымен қатар әскери тактикалық іс-шараға белсенді атсалысқан кадр саясат бөлімінің кәсіби дайындық аға инспекторы әділет капитаны М.Нұрахановқа және кезекті ауысымға алғысымды білдіремін. Болашақ патриот, қайсар мінезді, мәдениетті, саналы, иманды сарбазды тәрбиелеу мен үшін парыз.
Сандыбай УСЕМБАЕВ,
Қосымша білім беру
орталығының қалалық
әскери-патриоттық
«Жас сарбаз» клубының
жетекшісі (запастағы офицер),
Арқалық қаласы
Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.