Жас сарбаздардың «Жас әскер» слёті

Выпуск - №35(583)   :   19.09.2023
928

Арқалық қалалық білім бөліміне қарасты білім беру мекемелері арасында мектепішілік әскери-патриоттық «Жас сарбаз» үйірмелерінің қатысуымен «Жас әскер» слётін ұйымдастырдым.

Арқалық қаласына қарасты Родина ауылындағы Ә.Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектептің әскери алаңында Арқалық қаласы 44803-Г әскери бөлімі, Арқалық қаласы қорғаныс істері жөніндегі бөлімдерімен бірлескен масштабты «Жас әскер» слётінің мақсаты – үздіктерді анықтау. Оның да өзіндік мақсаты бар. Қандай десеңіз, анықталған үздіктер қыркүйектің 13-і мен 16-сы аралығында Алтынсарин ауданына қарасты Бозбек ауылында өтетін облыстық «Жас әскер» слётіне қатысады.

Слётке қаламыздағы жалпы білім беретін мектептерден, нақтылар болсақ, 10 мектептен 7-11 сынып оқушылары қатысып, әскери-патриоттық «Жас сарбаз» үйірмелерінен 7 тәрбиеленушіден 70 оқушыны құрады. Олар әскери-спорттық жарыстың алты түрінен ұйымдастырылған сайысқа қатысты. Бұл сайыс келешекте Отанын қорғайтын жас сарбаздарымызға пайдасын тигізді деп ойлаймын. Қатысушы жас сарбаздарымыздың белсенді жұмыс барысында ауқаттанып алуы үшін Арқалық қаласы 44803-Г әскери бөлімінің құрған әскери палаткасында қоғамдық бірлестіктің қолдауымен ыстық тамақ берілді.

Динамикалық түрде, тартысты өткен слёттің нәтижесінде жеңімпаз взводтар анықталды. Осылайша І орынға Ә.Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектеп, ІІ орынға Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектеп, ал ІІІ орынға М.Әуезов атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп ие болды. Жеңіске жеткен взводтар Арқалық қалалық білім бөлімі басшысының грамотасымен марапатталды, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктің қолдауымен І, ІІ және ІІІ орын иегерлеріне ақшалай сертификат табысталды. Ал қатарластарынан суырылып алға шыққан Ә.Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектептің командасына бекітілген үлгіге сәйкес әскери «Жас сарбаз» кешенді (17 дана) формасы табысталды.

Әскери іс-шараға белсенді атсалысқаны үшін Арқалық қаласы 44803-Г әскери бөлімінің командирі М.Б. Магпаровқа және жеке құрамына алғысымды білдіремін! Сонымен қатар, жоғарыда айтып өткенімдей, үстіміздегі жылғы қыркүйек айының 13-16 күндері Алтынсарин ауданының Бозбек ауылында өтетін облыстық «Жас әскер» слётіне қатысатын жеңімпаз команда – Ә.Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектептің «Жас сарбаз» үйірмесіне сәттілік тілеймін!

Әбу Насыр әл-Фараби: «Адамға ең бірінші – білім емес, тәрбие берілуі керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы», – демекші, бүгінгі жас сарбаздың әскери бағытта дұрыс тәрбие алуына аса мән беру қажет. Бұл жолда олардың әскери қызметке қызығушылығын арттырып, әскери арнайы құралдарды шебер қолдануға баулып, Отансүйгіштікке, рухани, моральдық психологиялық тұрғыда әскери тәртіпке бейімдеу мақсатында еңбегімді еселей бермекпін.


Сандыбай УСЕМБАЕВ,
Арқалық қалалық
білім бөлімінің әдіскері
(запастағы офицер)

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.