«Ботақан» үйірмесінің тілшілері қаламыздағы жас спортшыларды халыққа танытуды бастады. Олар А.Құнанбаев атындағы гимназияның 11-сынып оқушысы, ауыр атлетика спортшысы Айбек Нұрахметті Астана-Арқалық пойызынан салтанатпен қарсы алды.
Жас спортшыға құрмет ретінде гүл шоқтары ұсынылып, дәстүрлі түрде шашу шашылып, бауырсақтан дәм татқызылды. «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» демекші, ұлттық рухты көтеру мақсатында қазақтың қара домбырасымен вокзал ішінде күй тартылып, жиылған жұрттың ықыласына бөленді
«Қала мақтаныштары» атты репортажын «Ботақан» телестудиясының жас тілшісі Арайлым Тұрмағанбетова Айбектен сұхбат алудан бастады. Жас спортшы әңгімесінде ауыр атлетикаға деген қызығушылығы қалай пайда болғанын және спорттық жолындағы жетістіктері туралы баяндап берді. Өз сөзінде ол бірнеше жыл бойы осы спорт түрімен шұғылданып, Қазақстан чемпионаттарында топ жарып жүргенін мақтанышпен айтты. 2022 жылы Көкшетау қаласында өткен республикалық турнирде екі рет жеңіске жетіп, Қазақстан чемпионатында ІІ орын иеленсе, 2023 жылы Көкшетауда 49 кг салмақ дәрежесінде чемпион атанған. Ал, 2024 жылы Өскеменде 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Қазақстан чемпионатында жүлделі ІІІ орынға ие болып, Қызылорда қаласында өткен жарыста «Спорт шебері» атағын қорғап шыққан.
Жас спортшы бұл жетістіктеріне Арқалық қалалық жасөспірімдер спорт мектебіндегі бапкері Жанкишов Күнтуар Төлегенұлының қосқан үлесін ерекше атап өтті. Оның айтуынша, бапкердің қолдауы мен бағыт-бағдары өзіне сенімділікті нығайтып, табысты қадамдар жасауға ықпал еткен. Спорт – адам денсаулығының кепілі әрі рухани шыңдалудың бір жолы. Спортпен шұғылдану адамның денсаулығын нығайтып, төзімділігі мен өмірге деген көзқарасын жақсартады. Ата-бабаларымыз «Тәні саудың – жаны сау» деп бекер айтпаса керек. Осы сөздің мағынасын терең түсінген Айбек өз қатарластарына үлгі болып, болашақта ел мерейін өсіруді мақсат етеді. Осындай дарынды жастарымыз көбейіп, еліміздің көк туын халықаралық ареналарда желбірете берсін деп тілейміз.
Әсемгүл ТҮБЕКОВА,
«Жас Ұлан» балалар мен
жасөспірімдер орталығы
«Ботақан» телестудиясының жетекшісі,
Арқалық қаласы
Келешек мектепте Ыбырай қоңырауы сыңғырлады
Увлекательное развитие речи
Есть только одно средство стать культурным человеком – чтение
Место, где рождаются мечты и раскрываются таланты
Школу-гимназию им. Абая г. Аркалыка и газету «Учительская плюс» связывают годы крепкой дружбы. Педагоги школы всегда проявляют искреннее желание подписаться на издание, ведь они горят своим делом и хотят публиковать статьи, транслируя свой опыт. Газета стала для нас незаменимой диалоговой площадкой, где каждый педагог может щедро делиться своим уникальным опытом, профессиональными открытиями и мастерством. Возможность сотворчества с такой авторитетной газетой для меня бесконечно ценна.
Коллектив Айдарлинской общеобразовательной школы из года в год остаётся преданным и постоянным читателем газеты «Учительская плюс». Я глубоко убеждена, что это издание – незаменимый и важнейший ориентир для каждого современного педагога. На страницах газеты оперативно освещаются ключевые новости образования, публикуются практические статьи, ценные методические рекомендации и масса полезных материалов. Особая ценность издания для нас заключается в возможности знакомиться с передовым опытом коллег из других школ и черпать свежие, вдохновляющие идеи для собственной практики. В то же время газета даёт и нам прекрасный шанс заявить о себе: публиковать свои достижения и делиться наработками с широкой аудиторией. Именно поэтому «Учительская плюс» для меня – одно из самых важных изданий, напрямую способствующих профессиональному росту.