Жас туристер станциясы

Выпуск - №38(535)   :   30.09.2022
764

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы қыркүйектің 1-індегі Қазақстан халқына Жолдауында: «Ел ішіндегі экологиялық туризм мәдениетін белсенді дамыту – маңызды міндетіміз», – деп атап көрсеткен болатын.

Туристік-өлкетану бағыты Қазақстанның ұзақ мерзімді жоспарында ұлттық экономиканың тиімді және экологиялық қауіпсіз саласы ретінде ел дамуының құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. Ішкі туризмнің негізгі басым бағыттарының бірі балалар-жасөспірімдер туризмінің белсенді түрлерін дамыту болып табылатыны сөзсіз. Балалар-жасөспірімдер туризмі мақсатқа талпынушылық пен қайсарлық, ержүректілік пен жігерлік, дербестік пен ынта-ықылас, табандылық пен батылдық секілді жасөспірімдер бағалайтын мінез, құлық ерекшеліктерін қалыптастырады. Балаларды өз халқының, елінің тарихына, мәдени құндылығына араластыруға оқушылар арасында жорықтар, экспедициялар мен саяхаттар ұйымдастыру ықпал етеді.

Қыркүйектің 27-сіндегі Бүкіләлемдік туризм күніне орай Науырзым ауданы білім бөлімінің Балалар шығармашылығы үйі «Жас эколог», «Жас туристер станциясы» үйірмелерінің оқушылары Науырзым мемлекеттік табиғи қорығына «Туған өлкемнің табиғаты керемет!» тақырыбымен саяхатқа шықты. Саяхаттың мақсаты: туризм және өлкетанумен айналысу барысында жорыққа қатысушы оқушылардың туристік іскерліктері мен дағдыларын дамыту, отансүйгіштік, дене және эстетикалық тәрбиесін жетілдіру, ерік-жігері мен адамгершілік қасиеттері, ұжымшылдық, бастамашылық және еркіндік сезімдерге тәрбиелеу. Қоршаған ортаны қорғау, туған өлкеге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жергілікті жер атауларының тарихы жайлы ұғымдарын дамыту.

Жас туристеріміз қарағайлы орманды аралап, Науырзым қорығы жайлы, ондағы қызыл кітапқа енгізілген жануарлар, өсімдіктері дүниесі туралы толыққанды мәліметтер алып, танымдық-экскурсия жасады. Науырзым мемлекеттік табиғи қорығының «Бұлақ» соқпағында ұйымдастырылған «Біз саламатты өмірді қолдаймыз!» атты ұранмен өткізілген «Көңілді старт» эстафеталық сайысы үш кезеңнен тұрды: команданы таныстыру, спорттық кезеңі, өлкетану бойынша сұрақтарға жауап беру. Оқушыларымыз үш кезең бойынша да өздерінің алғырлықтарын, шапшаңдықтарын танытып, қойылған сұрақтарға мүдірмей жауап берді. Бұлақ соқпағында шатыр тігіліп, туристік жеке, топтық, арнайы құрал-жабдықтар көрсетілді.


Науырзым мемлекеттік табиғи қорығында туристер мен демалушылардың жоғары деңгейде демалу мүмкіндігін қарастыра отырып, этнографиялық ауылдың қазығы ретінде 6 қанатты киіз үй орнатылған екен. Қорықтың экологиялық ағарту бөлімінің қызметкерлері жас туристермен «Бүгінде Науырзым қорығының жабайы табиғатына шет елдік туристердің қызығушылықтары артып отырғанын, болашақта этноауыл ретінде туристерге қызмет көрсету мәдениеті, өз халқы мен өлкесінің салт-дәстүрлерін, ұлттық тағамдарын әдемі ұсыну мүмкіндігі жасалса нұр үстіне нұр болар еді», – деп алдағы жоспарларымен бөлісті.

Саяхат соңында оқушыларға Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Науырзым ауданының Балалар шығармашылығы үйі» КММ басшылығы мен «Науырзым мемлекеттік табиғи» РММ басшылығы атынан белсене қатысқанқандары үшін мақтау грамоталары табысталды.


Гүлнұр УТЕЛЬБАЕВА,
Балалар шығармашылығы
үйінің «Жас эколог»,
«Жас туристер станциясы»
үйірмесінің жетекшісі,
Науырзым ауданы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.