Жас туристер Тобыл жағасында бақ сынады

Выпуск - №25-26(673-674)   :   08.08.2025
472

IMG-6271

Дене тәрбиесі және қосымша білім беру өңірлік орталығының ұйымдастыруымен Қостанай ауданындағы И.Ф. Павлов атындағы ауылдың жанындағы Тобыл өзенінде су туризмі техникасы бойынша дәстүрлі облыстық жарыс өтті.

IMG-6245


Биылғы бәсеке – қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналды. Туризмді дәріптеу, жасөспірімдер арасында саламатты өмір салтын насихаттауға бағытталған жылдағы дәстүрге айналған бұл жарысқа биыл өңірдің түкпір-түкпірінен 70-тен астам мектеп оқушысы қатысты. Олар туризм техникасы бойынша түрлі кедергілерден өтіп, табиғат аясындағы шеберліктері мен шыдамдылықтарын сынға салды.

IMG-6251

IMG-6225


Жарыстың алғашқы күнінде қатысушылар «Комбинированная +1» деп аталатын қашықтықтан өтті. Бұл кезеңде олар байдаркамен су бөгетінен өту, күрт қиғаш өткелмен көтерілу, аспалы өткелден өту, дюльфермен түсу және спорттық катамаранмен су тосқауылын бағындыру сынды қиын да қызықты сынақтардан сүрінбей өтуге тырысып бақты. «Қатысушылар тамаша физикалық дайындықтарын және туризмге тән техникалық машықтарын көрсетті», – деп атап өтті Қостанай облысы білім басқармасының бөлім басшысы Аян Абдуллин.
Жарыстың келесі күндері де қызықты әрі мазмұнды өтті. Қатысушылар өзара үйлесімділік, ептілік және серіктеске деген сенімділікті көрсетті. Мұндай жарыстар – оқушылардың тек физикалық дамуына емес, психологиялық шыдамдылық пен шешім қабылдау дағдыларына да оң әсер етеді. Олар ұжыммен әрекеттесуді, жауапкершілікті, қауіпсіздік техникасын сақтауды да үйренеді. Бұл қасиеттер болашақ өмір жолында оларға үлкен пайдасын тигізері сөзсіз.

IMG-6241


Сайыс соңында үздік жас туристер мен командалар мақтау қағаздарымен, медальдармен, кубоктармен және арнайы туристік жабдықтармен марапатталды. Бұл жарыс – тек бәсеке емес, табиғатты сүюге, жолдастыққа адалдық пен төзімділікке үйрететін өмір мектебі десе де болғандай. Жас буын үшін бұл – есте қалатын оқиға ғана емес, үлкен жолға бастар алғашқы қадам.

Жамал ШАУКЕН,
Фотосурет авторы:
Аян АБДУЛЛИН

Реклама

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.