«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығында «Жас Ұлан» балалар ұйымының ұйымдастыруымен қалалық штаб президентінің сайлауы өткізілді. Сайлауға барлығы 5 үміткер сайлауалды бағдарламаларын ұсынып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Олар: Дінмұхмбет Данабекұлы – Ыбырай Алтынсарин атындағы гимназияның 9-сынып оқушысы; Арайлым Турмагамбетова – Кейкі батыр атындағы №4 мектептің 8-сынып оқушысы; Жұлдызай Дүйсенбина – Бейімбет Майлин атындағы №3 ЖББ мектептің 8-сынып оқушысы; Нурикамал Рақымжанқызы – Шоқан Уалиханов атындағы №1 ЖББ мектептің 8-сынып оқушысы; Аяна Русланқызы – Абай Құнанбаев атындағы мектеп-гимназияның 9-сынып оқушысы.
Биылғы сайлау ерекше өтті деуге болды. Себебі, Арқалық қаласының сайлау комиссиясының төрағасы А.Айтмағанбетов және оның қызметкерлерімен бірлесе отырып ұйымдастырылды. Оқушылар сайлау ережелері мен қағидаларын түсініп, білсін деген мақсатта барлық жұмыстар ашық талқыланды. Алдын ала отырыстар өткізіліп, сайлауға 7 комиссия мүшелері сайланды. Сайлау барысында хатшы сайлаудың ашылуын жариялап, артынша ҚР Мемлекеттік әнұраны орындалды. Сондай-ақ, сайлау бақылаушылары мен БАҚ өкілдері, яғни «Жас Ұлан» БЖО-ның «Ботақан» теле-студиясының оқушысы және орталықтың мобилографы бекітілген талапқа сай арнайы рұқсат қағазбен кіргізіліп, тіркеу журналдарына жазылды. Сайлауға қала мектептерінің мектеп парламентінің мүшелері мен аға тәлімгерлер келіп, өз дауыстарын берді. Соңында сайлау комиссиялары жәшіктің пломбасын ашып, барлық дауыстар есептелді.
Нәтижесінде 107 сайлаушының 72% пайызы дауыс беріп, 36% пайызбен Кейкі батыр атындағы №4 мектептің 8-сынып оқушысы Арайлым Турмагамбетова қалалық штаб президенті болып сайланды. Сайлау қорытындысы хаттамаланып, барлық комиссия мүшелерінің қолы қойылды. Сайлау комиссиясының төрайымы болып сайланған Ы.Алтынсарин атындағы гимназиясының 10-сынып оқушысы Аружан Байша өз жұмысын тиянақты атқарып, қалған комиссия мүшелері де өздеріне жүктелген жұмысты жауапкершілікпен орындап шықты. Сайлауға атсалысып көмегін аямаған Арқалық қаласының сайлау комиссиясының орынбасары Жанар Бирмганбетоваға және Алия Доскееваға алғысымызды білдіреміз.
Айкерім ЫБЫРАЕВА,
«Жас Ұлан» балалар ұйымының қалалық штаб төрайымы,
Арқалық қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.