Жуырда, нақтылар болсақ, қараша айының 21–24-і күндері аралығында Қостанай қаласында Қ.И. Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған жасанды рельефте туристік көпсайыстан облыстық жарыс өтіп, қорытындысы шықты.

Туристік көпсайыстан жарыс – дәстүрлі. Оның ауқымы жыл санап кеңейіп келеді. Бұл жолы жасанды рельефте өткен туристік көпсайысқа Қостанай облысының сегіз өңірінен он алты команда екі жас санатында қатысып, бақ сынасты. Жас туристер төрт күн бойы бәсекеге түсіп, өздерінің дайындық деңгейлері мен ептіліктерін көрсете білді. Басылымның өткен санында жарыстың басталғаны жайлы ақпарат оқырмандарға ұсынылған еді. Енді, жарыстың нәтижесімен таныстырып өтсек.

«Жасөспірімдер» санатында қатарынан оза шапқан «Эдельвейс» (ОҮ «Жанұя» БА) командасы жеңіске жетті, екінші орынға Қостанай ауданынан келген «Степная братва» командасы лайық деп танылса, үшінші орынды Сарыкөл ауданынан келген «Алтай» командасы иеленді. «Юниорлар» жас санатында жарыстың алтын жүлдесі Меңдіқара ауданынан келген «Азимут» командасына, күміс жүлдесі «Эдельвейс» (ОҮ «Жанұя» БА) командасына, ал қола медальдар Қостанай ауданынан келген «Степная братва» командасына берілді. Командалық марапаттардан бөлек әр қатысушы өз күштерін жеке қашықтықта сынау мүмкіндігін алды. Қатысушылардың барлығы сертификаттармен марапатталды.
Шеберлік – уақыт өте келе қалыптасатыны белгілі. Сондықтан дебютанттар мен жас командалар үшін облыс деңгейінде өнер көрсетуде мүмкіндік берген бұл жарыс баға жетпес тәжірибе болғаны хақ. Олардың жеңіске деген ұмтылысы мен спорттық туризмге деген қызығушылығы әлі талай лайықты бағаланады. Жарыстың барлық қатысушыларына жаңа белестерге ұмтылыс қана емес, мызғымас табандылық тілейміз. Әрбір жас турист табысқа жету жолында өзіне деген сенімділігін ешуақытта жоғалпасын. Жаттықтырушыларға шыдамдылық, даналық және тәлімгерлерлік жолда жаңа биіктерге жетуге талмас қанат тілегіміз келеді. Ал жастардың командалық рухы бүкіл жол бойы өшпейтіндей, жарқын әрі берік болсын дейміз.
Асель ОРАЗАЛИНА,
Өңірлік дене тәрбиесі және
балалар мен жасөспірімдер
туризм орталығының
туризм бөлімінің әдіскері,
Қостанай қаласы
Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.