Жастар адалдықты суреттеді

Выпуск - №48(696)   :   26.12.2025
1159

Жастар адалдықты суреттеді (1)

Арқалық қаласындағы Қосымша білім беру орталығында оқушылардың бойында адалдық, әділдік, жауапкершілік сияқты адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру мақсатында «Адалдық – менің таңдауым» тақырыбында сурет байқауы өтті.

Байқауға қаламыздың мектептерінен 5 пен 8-сыныптардан бір-бір баладан қатысып, ойларын сурет арқылы жеткізе білді. Олардың суреттерінде адал еңбек етіп жүрген адамдар, достық пен шындық, әділ шешім қабылдау сәттері және Отанға деген адалдық көрініс тапты. Әрбір жұмыс баланың адалдықты қалай түсінетінін және оны өмірде қалай бағалайтынын айқын көрсетті.
Нәтижесінде үздік жұмыстар анықталып, жеңімпаздарға Орталығымыздың атынан мадақтама қағаздары мен сыйлықтар табысталды. Дегенмен бұл байқаудағы ең басты жеңіс – жүлде емес, жастардың «адалдық» сөзінің маңызын терең түсінуі болды. Осындай іс-шаралар оқушыларды дұрыс таңдау жасауға, әрдайым шыншыл әрі әділ болуға тәрбиелейді. Адалдық – адам өміріндегі ең асыл қасиеттердің бірі. Сондықтан адал болу – әрқайсымыздың саналы таңдауымыз.

Бекзат ҚАБУСАҒИТ,
Қосымша білім беру
орталығының педагогі,
Арқалық қаласы

Реклама

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.