Арқалық қаласындағы Қосымша білім беру орталығында оқушылардың қысқы демалыс уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында креатив пен талантты ұштастырған «Жасырын жұлдыз» атты пародиялық шоу-байқау өтті.
Байқаудың негізгі мақсаты – қатысушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, сахналық мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ өнерге деген қызығушылығын арттыру. Іс-шараға үйірме жетекшілері мен оқушылар қатысып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлай білді. Байқау басталар алдында жүргізушілер кештің ерекшелігімен таныстырып, осы аталған шоуда талант, тапқырлық, күлкі мен креатив үйлесім табатынын атап өтті.
Өнерпаздар додасы екі кезеңнен тұрды. Алғашқы кезең «Жасырын маска» деп аталды. Бұл кезеңде үйірме жетекшілері беті толық жабылған маска немесе арнайы костюм киіп, танымал әндерге пародия жасады. Қатысушылардың кім екенін тек қимыл-қозғалысы, сахналық образы мен орындау мәнеріне қарап болжау көрермендер үшін ерекше қызық болды. Әр нөмірден кейін қазылар алқасы өз пікірлерін білдіріп, қатысушылардың өнеріне әділ баға берді. Ал екінші – «Дәлме-дәл пародия» кезеңінде оқушылар өздері таңдаған танымал әншілердің дауысын, мінез-құлқын, жүріс-тұрысы мен сыртқы келбетін барынша дәл келтіре отырып, пародиялық қойылым ұсынды. Қатысушылар сахнада еркін қозғалып, шынайы образ жасау арқылы көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Байқау барысында жас өнерпаздардың батылдығы, тапқырлығы мен шығармашылық ізденісі айқын байқалды. Әділ қазылар алқасы өнер көрсеткен әр қатысушыға лайықты бағасын беріп, қорытынды сөз сөйлеп, жеңімпаздарды анықтады. Осылайша «Жасырын жұлдыз» пародиялық шоу-байқауы өнер мен креативке толы, есте қаларлық іс-шараға айналып, қатысушыларға өз қабілеттерін ашуға, сахна мәдениетін шыңдауға және ұжымдық бірлікті нығайтуға таптырмас мүмкіндік берді.
Жазира ТОНАШИНА,
Қосымша білім беру орталығының педагогі,
Арқалық қаласы
Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.