Арқалық қаласында бір орталық бар. Сырт көзге ақ, көк түстермен көмкерілген, заманауи үлгіде жабдықталған 3 қабатты ғимарат қана болып көрінуі мүмкін. Алайда жастардың дамуы жолында атқарып жатқан үлесі орасан.

Бұл – «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығы. Тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, жан-жақтылыққа, патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында осыдан 30 жыл бұрын құрылған орталықта Елена Цвентухтың басшылығындағы тәжірибелі мамандар жұмыс істеуде. Мектеп оқушылары орталыққа барып, уақытын тиімді өткізумен қатар қатарластарымен жаңа таныстықтар орнатып, қабілет-қарымын дамытуға да зор мүмкіндік алады.
Жазғы уақытты оқушылардың қаншалықты ықыласпен күтетіндігі айтпаса да түсінікті. Орталықтың есігі келем деушілерге айқара ашық. Жыл сайын үш айлық демалыс уақытында «Жас ұланда» екі ауысымды тегін лагерь өз жұмысын бастайтын. Биылғы әлемдік деңгейде орын алған пандемияның салдарынан лагерь жұмысы тоқтатылғанмен, балалардың жазғы демалысын қызықты өткізу мақсатында орталық педагогтері квест ойынын ұйымдастырды. Оған Арқалық қаласындағы мектептерінің оқушыларынан құралған 50-ден астам бала қатысты. Олар 3 топқа бөлініп, берілген сыннан сүрінбей өтуге талпынды.
Ойын ең алдымен спорттық шаралармен басталды. Балалардың қызығушылығын арттыру мақсатында әрбір педагог өз кабинеттерін түрлі әлем етіп безендірді. Атап айтар болсақ, мәселен «Қараңғы әлем» бөлмесі – тастай қараңғы, тұңғиық әрі жұмбаққа толы болды. Бұл жерде оқушылармен қызықты ойын ұйымдастырылып, тапсырмалар берілді. Артынша қатысушылардың құпия қорап ішіндегі тосын сыйды тауып алуымен бұл кезең де тәмәмдалды. Екінші бөлме «Қысқы ертегі» деп аталды. Аталмыш бөлмеге кірген оқушылар құдды бір жаңа жылдық ертегі әлеміне тап болғандай күй кешті. Оқушылармен түрлі ойындар ойнатылып, тапсырмалар орындалды.
Келесі бөлме «Джунгли әлемі» деп аталды. Бұл әлемде балалар орман әлемі мен онда өмір сүретін ғажайып аңдарды көру бақытына ие болды. Әдеттегідей мұнда да қызықты ойындар ойнатылып, тапсырмалар берілді. Соңғы «Жазғы эрмитаж» бөлмесінде оқушылар ермексаздан түрлі мүсіндер жасап жарысты. Суреттерден балалардың қаншалықты қызығушылықпен ат салысып, бар өнерін салып еңбектенгені көрініп-ақ тұр. Квест ойынына қатысушылардың бірі Айым Зильқараева Арқалық қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы №1 мектептің 6-сынып оқушысы. Ол ойыннан ерекше әсер алғандығын жасырмады.
– Жазғы демалыс уақытын ерекше өткізуді әр бала қалайды. Алайда биылғы карантин жағдайына байланысты жазғы демалыс орындары да жұмыстарын тоқтатты. «Жас Ұлан» орталығындағы ұстаздарымыздың ұйымдастыруымен өткен квест ойындарына қатысқаныма өте қуаныштымын. Ерекше әсер алдық, жеңіске жетуге деген ұмтылысымыз пайда болды. Әр бөлмеге кірген сайын, түрлі әлемге тап болғандай болдық. Ең қорқыныштысы – «Қараңғы әлем» бөлмесі болды. Онда қап қара болып киінген құпия адам бізді қарсы алып, құпия сұрақтарын жасырды. Тапсырмаларды орындап болған соң, соңында бізге құпия жәшікті тауып алып, ішінде жасырылған тәттіні алу бұйырды. Осылайша әрбір бөлмеден қызығушылықпен шықтық. Топпен істеген жұмысымыздың нәтижесі де жаман емес. Бәріміз бір-бірімізге қолдау көрсеттік, – дейді ол.
Мамандардың айтуынша, квест ойыны арқылы баланың мінезін анықтауға болады. Адамның қиындыққа тап болған кездегі әрекеті оның қандай адам екенін бірден көрсетеді. Өзімшілдік пен бірлесе әрекет ету ойыншылардың психологиясынан да хабар береді. Балаларды топтық жұмыстарды бірігіп жасауды үйрету үшін балалар мен жасөспірімдер орталығында өткізілген ойындар балаларға ерекше әсер сыйлаған сыңайлы. Себебі бұл ойын «біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін» деген қағидаға негізделген. Ойнай отырып ойлауға, соған сай әрекет етуге бейімдейді. Бірлесіп жұмыс жасап, команда үшін күресуге, жеңіске жетуге деген құлшынысын арттырады. Бұл ойын арқылы оқушының жан дүниесін айна қатесіз көре аламыз. Квест ойындары баланың ой шапшаңдығын, көшбасшылық қасиетін қалыптастыру, зеректігін арттыруға арналған бағдарлама.
Бұдан бөлек аптаның әр күнінде оқушылармен бірге түрлі мақсатта ойындар мен спорттық іс-шаралар үздіксіз өткізіліп тұрады. Әрине сақтық шараларын қатаң сақтау бірінші орынға қойылған. Балалардың тәлім-тәрбиесін басты орынға қойған орталықта ұйымдастырылатын жұмыстардың барлығы дарынды баланы анықтап, оның қабілетін барынша дамыту мақсатын көздейді. Қаламыздағы мектеп оқушыларын жазды бізбен бірге көңілді өткізуге шақырғым келеді.
«Жас ұланда» балалардың шығармашылығын, өнерін, қабілет-қарымын дамыту үшін жасалған мүмкіндіктер аз емес. Атап өтетін тұсы – орталықпен аттас оқушыларға арналған ақпараттық-танымдық «Жас ұлан» журналының жарық көретіндігі. Биыл басылымның оқырман алдында жүргеніне 2 жыл толды. Осы уақыт аралығында қала және ауыл мектеп оқушылары мен ұстаздары еңбектерін журнал бетінде жариялап келеді. Орталығымызда болған іс-шаралар да журнал бетінен түскен емес. Басылымның негізгі мақсаты – шығармашылыққа қабілеті бар оқушылардың көзін ашу, өзіндік жазу стилін қалыптастыру және дамыту.
Одан қалды балалардың қабілетіне қарай, таңдауы бойынша домбыра, зоология, бассейн, керамика (мүсіндеу) үйірмелері де жұмыс істеп тұр. Жастайынан журналистика саласына қызығушылығы басым балғындарға журналымыздан өлек, арнайы телестудия да қарастырылған. Біздің орталықтың негізгі мақсаты – болашақтың жемісін бүгіннен бастау. Ал бұл жолда ұстаздар болып бірігіп, әрекет ететін боламыз.
Таңшолпан САМАТОВА,
«Жас-Ұлан» балалар мен
жасөспірімдер орталығының
«Жас-қалам» жас журналистер
үйірмесінің жетекшісі,
суреттерді түсірген
Жақсылық ҚАЛИ,
Арқалық қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.