Жаздың қызығы таусылмас

Выпуск - №27-28 (575-576)   :   13.08.2023
668

Шуақты жаз келісімен, оны балалар барынша қызықты әрі көңілді өткізуді армандайды. Біреулері ауылға ата-әжелеріне, бірі ата-аналарымен демалысын жоспарласа, кей балалар мектеп жанынан ұйымдастырылған демалыс алаңдарында демалуды жөн көреді.

Қостанай қаласындағы Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінің жанынан маусым айында ашылған «Күншуақ» жазғы демалыс лагері алты ауысым бойынша жұмыс істейді. Мұнда балалардың жазғы демалысын көңілді өткізу үшін бүкіл жағдай жасалған. Ойын-сауық алаңы оқушылардың бос уақытын тиімді әрі пайдалы ұйымдастыруға және денсаулықтарын нығайтуға бағытталған. Олар таңғы 9:30-дан 12:30-ға дейін уақыттарын осында өткізеді. Демалыс алаңында, арнайы бекітілген жоспарға сай, балалар түрлі үйірмелерге қатысады. Күн сайын таңертеңгілік жаттығулар, ертеңгіліктер, ойындар, әр түрлі сайыстар ұйымдастырылады.

Тәрбиеші әр күнге белгіленген мерекелік іс-шаралардың ойдағыдай өтуіне барынша атсалысып, балаларға жақсы көңіл-күй сыйлауға тырысады. Солардың бірі ретінде жолда жүру ережесі бойынша «Жолда жүру ережесі» және қауіпсіздік ережелері бойынша «Байқа от» тақырыптарында өткізілген іс-шараларды атап кетуге болады. «Қошемет минуты» атты дарындар аукционында оқушылар тақпақ, өлеңдерін айтып, би билеп, бейнематериалдарды тамашалады. Еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілігі артып, патриоттық сезімдері оянды. Сонымен қатар саламатты өмір салтын берік ұстану, жастар арасында белсенді өмірді насихаттау мақсатында «Тазалық – денсаулық негізі», «Дұрыс тамақтану негіздері» «Шынығу» тақырыптарында әңгімелер, суреттер салынды.

Айта кеткен жөн, балалардың демалыс алаңдарында емін-еркін ойнауы үшін алаңдар арнайы жабдықталған. Тәрбиешілермен қатар мектеп педагогтері де балалармен белсенді жұмыс істейді. Бірге сурет саламыз, ән айтамыз, түрлі ойындар ойнаймыз. Осы уақыт ішінде кинотеатрға барып қайттық. Тағы бір суретте «Балдәурен» тобының тәрбиешісі болған мен, Б.Жумасаева, мектеп педагогтері Ә.Жумасаева, С.Ибраева, Ж.Байканов, Р.Қонарбай, Н.Қасым және А.Дусмагамбетова оқушылармен бірге ойын алаңында. Балалардың жарқын жүздерінен осы сауықтыру лагерінде демалып жатқандарына өте риза екенін байқауға болады.


Бибигуль ЖУМАСАЕВА,
Абай атындағы ЖББМ
бастауыш сынып мұғалімі,
Қостанай қаласы

Реклама

Я спросил у посла Японии, каким образом его страна сумела так быстро достичь высокой степени развития, стала играть в мире столь важную роль? Мне очень понравился ответ посла: «Японцы верили, что единственный способ поднять страну – это дать своим детям лучшее образование, чем они имели сами, самым важным для них было уйти от своего положения крестьян и получить образование. Поэтому в семьях огромные усилия прикладывались к тому, чтобы поощрять детей хорошо учиться в школе, чтобы они могли чего-то достичь. Из-за этого стремления постоянно чему-то учиться, через систему образования распространялись новые идеи из внешнего мира. Это одна из причин быстрого развития Японии».

Всевозможные разновидности книги как объекта не изменили ни её назначения, ни её синтаксиса за более чем пять веков.
Книга – как ложка, молоток, колесо или ножницы. После того, как они были изобретены, ничего лучшего уже не придумаешь. Вы не сделаете ложку лучше, чем она есть…
В XVI веке венецианскому печатнику Альду Мануцию пришла в голову великая идея сделать книгу карманного формата, которую гораздо легче возить с собой. Насколько я знаю, более эффективного способа перемещения информации так и не было изобретено. Даже компьютер со всеми его гигабайтами должен быть включен в сеть. С книгой таких проблем нет. Повторяю: книга – как колесо.

Пн
Вт
Ср
Чт
Пт
Сб
Вс
31
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
1
2
3
4