Жазғы әуен!

Выпуск - №29-30(677-678)   :   22.08.2025
360

1

Қазақ даласы ықылым заманнан бері жырдың, әннің, күйдің бесігі болып келеді. Бүгінде ән-күй өнеріміз дәстүрлі жалғасын тауып, мұрагерлік және кәсіби білім беру негізінде өскелең ұрпақты жан-жақты тәрбиелеуде.
Музыкалық аспаптарда ойнау өнерінің қай түрін алсақ та, одан адам ақыл-ойының өрнегі көрінеді. Өнер иесінің жан дүниесі, көңіл күйінің құбылысы, таным-түйсігінің иірімдері де осы әуен арқылы айқындалады. Жаз мезгілі де адамның көңілін сергітетін әуен иірімдеріне толы. Әсіресе, табиғат аясында серуендеп, демалғанда сылдырлап аққан өзеннің, құстардың, жан-жануарлардың әуезді дыбыстарын есту қандай ғажап! Жазғы әуен құбылысын жүрегімен сезіне білген әр ересек адам, әсіресе ата-аналар мен ұстаздар, балаларды табиғатты аялауға, қоршаған ортаны таза ұстауға, сондай-ақ өнегелі де өнерлі болуға тәрбиелей алады.

2

Табиғат аясында балалардың бірі сурет салуды ұнатса, енді біреулері музыкалық аспаптарда ойнағанды жақсы көреді. Музыка мектебінің оқушылары да демалыс уақытын бос өткізбей, жаз мезгілінде өтетін түрлі мерекелік концерттер мен сайыстарға белсене қатысады. «Ұстаздық еткен жалықпас!» деген сөздің жаны бар. Мұғалімдер шәкірттерінің оқу жылы барысында алған кәсіби білімдері мен аспапта ойнау шеберліктерін ұмытпаулары үшін жаз уақытында да сайыстарға дайындап, өнерін шыңдап отырады.

«Өнерлі өрге жүзеді» деген аталы сөздің айқын дәлелі ретінде шәкірттерімнің бірі Дархан Қанапинді айта аламын. Ол жыл сайын жазғы демалыс кезінде қалалық, облыстық деңгейдегі түрлі іс-шараларға асқан белсенділікпен қатысып, жүлделі орындардан көрініп келеді. Дархан домбырашылар арасындағы жарыстарда бірнеше рет бірінші орын иеленіп, Гран-при лауреаты атанған. Тіпті, қаламыздың орталық алаңында өткен «Домбыра күні» мерекесінде Бас жүлдені жеңіп алып, арнайы сыйлық – домбыра аспабына ие болды.

Аталмыш сайыста музыка мектебінің басқа да шәкірттері жоғары өнер өрнегін көрсетіп, жүлделі орындарды иеленді. Атап айтар болсам, Жанәлі Қабжалел – ІІ орын, Мариям Мұхамбет – ІІІ орын лауреаттары атанды. Жетістіктер оқушыларымыздың Музыка мектебінің қабырғасымен шектелмей, жаз мезгілінде көпшілік алдында өнер көрсетіп, ата-анасын, ұстаздарын қуантып, халықтың батасын алып жүргенін дәлелдейді. Барлық шәкірттеріме «Жарайсыңдар!» дей отырып, ұстаздар қауымы атынан алғысымды білдіремін!


Алмагүл ТОҚМАҒАМБЕТОВА,
Музыка мектебінің домбыра және қобыз
аспаптарының мұғалімі,
Қостанай қаласы

Реклама

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.