Жазғы лагерь: көңілді демалыс

Выпуск - №25(522)   :   30.06.2022
2510

«Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз», – деп, оқу жылы аяқталысымен, мектеп оқушылары жазғы лагерьлерге баруға асығады. Біздің Дружба мектебінде маусым айында «Татулық» жазғы демалыс лагері ашылып, жұмыс істеді.

Жайраңдаған жаздың қуаныш пен шаттыққа толы ұмытылмас естеліктері балалардың осындай жазғы демалыс лагерінен бастау алары сөзсіз. Лагерьге келген демалушыларды күнделікті мектеп медбикесі денсаулықтарын тексеріп, олармен сауықтыру іс-шараларын жүргізді. Жазғы лагерьде балалардың сапалы тамақтануы да назардан тыс қалмаған. Арнайы бекітілген ас мәзірі бойынша балаларға бір мезгіл тамақ берілді.

«Бала күлкіге тоймас» дегендей, балалар көңілді демалып, жанын әнге, сылдыр күлкіге тойдырып, әртүрлі іс-шаралар мен спорттық ойындар өткізді. Лагерь демалушыларына әртүрлі ойындар ойнатылып, көптеген жарыстар, тақырып бойынша тапқырлық, сөзжұмбақ сайыстары ұйымдастырылып тұрды. Бір мезгіл балдырғандар сурет салып, тақпақ жаттап, ән салады. Күн сайын жоспар бойынша таңертеңгілік жаттығулар, ертеңгіліктер, сайыстар өтеді. Тәрбиешілер әр күнге белгіленген түрлі мерекелік іс-шараларды ұйымдастырып, балғындардың демалысы қызыққа, қуанышқа толы болуына бар күш-жігерлерін, өнерлерін аямай жұмсауда.

«Көңілді старт», «Күштілер, батылдар» сайыстарына оқушылар қызығушылықпен қатысып отырды. Әдеп туралы әңгіме, әсемдік жайлы мақал-мәтел жарыстарының да көңілді өткенін атап өткен жөн. Оқушылар ән айтып, би билеп, демалыс лагерінің жұмысын қыздыра түсті. Балалардың демалысы қаншылықты көңілді өтіп жатқандығы жүздерінен көрініп тұрды. Себебі олардың саналы да сапалы демалуына барлық жағдайлар жасалған. Емін-еркін ойнауына арналған арнайы алаңдар, бөлмелер жабдықталған, демалушылар ойын-сауық құралдарымен толық қамтамасыз етілген.

Лагерьде демалушы балғындар музыкалық, спорттық, шығармашылық және интеллектуалдық сайыстарға да белсене қатысты. Қайсысымен әңгімелессең де, жаз мезгілін жыл сайын асыға күтетінін, мектеп жанындағы лагерьге келу арқылы көп дос табатынын, түрлі іс-шараларға қатысып, көңіл көтеретінін айтып, мәз-мейрам болысады. Осылайша әр күні мәнді де сәнді өткен «Қазақстан балалары – жазды қуанышқа толтырайық!» тақырыбындағы «Татулық» лагері оқушылардың көңілінен шықты.


Нургуль НУРГАЗИНА,
Аружан ДОСМАГАМБЕТОВА,
Дружба ЖББМ бастауыш
сынып мұғалімдері,
Қостанай қаласы

Реклама

Я непоколебимо верю, что наука и мир восторжествуют над невежеством и войной, что народы сойдутся друг с другом не для разрушения, а для созидания, и что будущее принадлежит тем, кто сделает более для страждущего человечества.
Величайшие открытия рождаются из простых наблюдений, если смотреть на мир с пытливостью ребёнка.
Наука должна служить людям, а не оставаться в стенах академий. Наука не имеет родины, потому что знание принадлежит всему человечеству.
На той ступени развития, которой мы достигли и которая обозначается именем «новейшей цивилизации», развитие наук, быть может, ещё более необходимо для нравственного благосостояния народа, чем для его материального процветания.

Учитель – это светоч нации. Ежедневным кропотливым трудом каждый из вас вносит неоценимый вклад в развитие страны. Вы сеете семена знаний в молодые сердца и растите мыслящую нацию. Ибрай Алтынсарин говорил: «Превыше всего я ценю хорошего учителя». Педагог – ключевая фигура в построении будущего страны, поэтому ему должно быть отведено достойное место в обществе.