Жыл үздіктері марапат биігінде

Выпуск - №51 (548)   :   05.01.2023
770

Қостанай қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен Қалалық балалар шығармашылық мектебінде қала әкімі Марат Жүндібаевтың қатысуымен көшбасшылар шыршасы өтіп, жыл бойы үздік нәтиже көрсеткен оқушылар марапатталды.

Салтанатты шараға республикалық және халықаралық зияткерлік, шығармашылық және спорттық байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінен 100 оқушы, ұстаздар, білім беру ұйымдарының басшылары, балалардың биіктен көрінуінің бірден-бір себепшісі болған ата-аналар қауымы қатысты. Іс-шара аясында қала әкімі құттықтау сөз сөйлеп, жыл үздіктеріне жеке-жеке тоқталып өтті.

– Дана халқымыз білімге ерекше мән беріп, ғылымға құштар жастарды үнемі құрмет тұтқан. Жылдағы дәстүрге сай қаланың дарынды оқушыларын марапаттап, жылды қорытындылап отырмыз. Балалар жылы мен ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы тойланған 2022 жыл жарқын сәттермен, ерекше оқиғалармен баршамыздың есімізде қалды. Қаламыздың ұстаздары мен оқушыларына шынында да мақтануға себеп бар. Тек қана республикалық ғылыми жобалар байқауының қорытындысы бойынша облыстың 13 жүлдесінің 8-і қостанайлық оқушылардың үлесінде. Ал республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша 29 облыстық жүлдеден қала оқушыларының үлесінде – 10 медаль. Биыл М.Горький атындағы гимназия мен физика-математика лицейінің оқушылары жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Сондай-ақ биылғы олимпиада қорытындысы бойынша республиканың үздік мектептерінің ресми топ-100-дігіне енген №3 мектеп-гимназияның оқушыларын атап өткім келеді, – деді Марат Қонысбайұлы.

Жеті жасар шахматшы Иман Набиевке қала әкімі Марат Жүндібаев сыйлығын табыстау сәті

Қостанай қаласының жыл үздіктері қала әкімі Марат Жүндібаевпен бірге

Артынша мерекелік шара салтанатты марапаттау рәсімімен жалғасын тауып, жыл бойы үздік нәтиже көрсеткен үздіктер марапат биігінен табылды. Солардың бірі – №7 ЖББ мектебінің оқушысы Талгат Латыпов.

– Мен Қостанай қаласындағы №7 ЖББ мектебінің, №2 Балалар-спорт мектебінің және №1 Балалар-музыка мектебінің шәкіртімін. Музыкалық аспаптардан баянда, ұрмалы аспаптарда, фортепианода ойнаймын, сондай-ақ спорттық ойындардың ішінде бадминтонмен айналысамын. Биыл жылда дәстүрлі түрде өтетін республикалық байқау-фестивальдің, сондай-ақ Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтары Федерациясы ұйымдастырған «The Planet of ART-2022» Халықаралық фестивалінің жүлдегерімін, – деп атап өтті ол.

Марапатталған оқушылардың тағы бірі С.Мәуленов атындағы гимназияның 11-сынып оқушысы Думан Хайролла. Ол биыл жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада Қазақстан тарихынан қатысып, 2-орынды иеленген. Көшбасшылар шыршасына қатысқандардың бәрі өз бағыты бойынша үздіктер. Ең кішкентай үздік – №3 мектеп-гимназияның оқушысы, 7 жасар Иман Набиев. Ол облыс тарихында алғаш рет шахмат ойындарынан республикада үздік атанып, халықаралық деңгейде ел намысын қорғады. Бүгінде ол спорт шеберіне үміткер. Осылайша үздіктер мереке аясында мадақтамалармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.


 Жамал ШАУКЕН

Реклама

Я с детства полюбила читать газеты, потому что они всегда были в нашей семье. И до сих пор, несмотря на обилие новых носителей информации, я больше всего люблю газету, особенно нашу, учительскую, за продуманный, взвешенный подход, за подробность и объективность, за особую атмосферу, которая возникает от неспешного листания страниц. И ещё нравится, что  «Учительская плюс» входит в список изданий, рекомендованных министерством просвещения для размещения материалов аттестуемых педагогов. Это очень мотивирует!

«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.

Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!