«Жырлары жүректі жаулаған»

Выпуск - №46(643)   :   22.11.2024
598

image

Дәл осындай тақырып аясында Арқалық қаласындағы Қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен сатираның саңлағы, Торғайдың төл перзенті Сейіт Кенжеахметұлының туғанына 85 жыл толуына орай байқау ұйымдастырылды.

Халықтың рухани мұратына қызмет еткен ұлы тұлғалар аз емес. Данышпан қазақ халқы ақынға кенде болған жоқ. Қостанай, Торғай өңірі – жырға бай. Қазақ өлеңіне үлкен үлес қосқан талай тарлан таланттар шыққан жер. Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Сырбай Мәуленов, Ғафу Қайырбеков, т.б ақындарымыз қазақ жырының мерейін аспандатқан. Бұл жолы Сейіт Кенжеахметұлының өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу байқауына қала және ауыл мектептерінің оқушылары қатысты.
Байқау нәтижесінде 5–8-сынып оқушылары арасында 1-орынға Кейкі батыр атындағы №4 ЖББМ оқушысы Мейірлан Қапез, 2-орынға Б.Майлин атындағы №3 ЖББМ оқушысы Назым Абзалқызы, ал 3-орынға Қайыңды мектебінің оқушысы Кәусар Мажитова ие болды. Бастауыш буын оқушылары арасында 1-орынды А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназия оқушысы Айпатша Сұлтанбек, 2-орынды А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназия оқушысы Інжу Құлмұрат пен Кейкі батыр атындағы №4 ЖББМ оқушысы Зере Аяпберген теңдей бөлісті.
Ал, үшінші орынға төрт оқушы: Б.Майлин атындағы №3 ЖББМ оқушысы Нұржан Кужеков, Қайыңды мектебінің оқушысы Әлішер Алдабергенов, М.Әуезов атындағы №5 ЖББМ оқушысы Дариға Айбекқызы, Ш.Уәлиханов атындағы №1 ЖББМ оқушысы Тамила Асқар лайық деп танылды. Жеңімпаздар орталықтың естелік сыйлықтарымен, мадақтамаларымен марапатталды.

Нұрдаулет ТОЙШИН,
Қосымша білім беру педагогі,
Арқалық қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.