Арқалық қаласындағы қосымша білім беру орталығының «Қуыршақ және театр» үйірмесінің ұйымдастыруымен А.Құнанбаевтың 180 жылдығына орай «Абай мұрасы – мәңгілік» атты сахналық қойылым байқауы өтті.
Абай Құнанбайұлы – қазақ поэзиясының биік шыңы, құдіретті ақыны. Оның жүрек шерімен жазған туындылары – тағылымы терең, мәңгілік қымбат қазына. Абайды жалғыз қазақ халқының емес, бүкіл адамзаттың ұлы десек артық болмас. Әлем халқы бас иген дара тұлғаны қай қырынан да ұлықтау – біздің елдік және халықтық парызымыз.
Мән-маңызы зор байқауға қала бойынша 5 мектеп қатысты. Нәтижесінде «Шығармашылық шабыт» номинациясымен Т.Әубәкіров атындағы негізгі орта мектеп, ал «Үздік актёрлік бейне» аталымымен Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектеп марапатталды. ІІІ орын – Әлихан Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектепке, ІІ орын – А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназияға, жүлделі І орын – А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясы оқушыларына бұйырды. Жеңімпаздар орталықтың мадақтамалары мен естелік сыйлықтарымен марапатталды.
Қай ғасырда өмір сүрсе де, Абай атамыздың шығармалары мен қара сөздері, өсиетке толы өнегелі өмірі – бүгінде де, болашақта да маңызы мен құндылығын жоғалтпақ емес.
Жазира ТОНАШИНА,
Қосымша білім беру
орталығының педагогі,
Арқалық қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.