Абайды бүгінгімен жалғаған шара

Выпуск - №41(437)   :   16.10.2020
334

Елімізде Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай түрлі шаралар бастау алды. Рудный политехникалық колледжінде де қазақ тілі мен әдебиеті оқытушыларының ұйымдастырумен «Абай оқулығы» сайысы өтті.

Сара Нартаева және менің жетекшілігіммен ұйымдастырылған сайыстың мақсаты – халқымыздың дана ақыны, ғұлама ойшылы, сазгер Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен әндерінің таралуын насихаттау, бүгінгі ұрпақтарының Абай мұрасына қызығушылығын арттыру, оны оқып-білуге, тани түсуге ынталандыру. Кітапхана меңгерушісі Надежда Башкирова мен кітапханашы Сәуле Италмасова Абайдың портреті, эпиграф жазылған плакаттар, кітап көрмесі, слайд, бейнероликтер жасап, жас ұрпақтарды адамгершілікке, патриоттық тәрбиеге шақырды. Колледж білім алушылары Абай атамыздың өмір жолымен танысып, өлеңдері мен нақыл сөздеріне тоқталып, үш тілде өнерлерін көрсетті.

Еліміздің түпкір-түпкірінде 2007 жылдан бастап қолға алынған «Бір ел – бір кітап» акциясына Рудный политехникалық колледжінің кітапхана қызметкерлері және оқытушылары мен білім алушылары да жыл сайын үлестерін қосуда. 2020 жылы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы, шығыс ғұламасы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» романы таңдалды. Аталған колледжде «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясының негізінде қыркүйектің 25-і мен қазанның 5-і аралығында «Времен связующая нить» эссе байқауы өткізілді.

Байқаудың мақсаты – қазақ әдебиетін насихаттау, қоғамның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге деген қызығушылықты дамыту. Өскелең ұрпақтың зияткерлік-рухани дамуы, ана тілі мен мәдениетіне ұқыпты қарау, жастарға адамгершілік, патриоттық тәрбие беру жағы да көзделді. Байқауға 1-курс білім алушылары ат салысып, білімдерін көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Нәтижесінде 1-орынға М.Мақсатов, 2-орынға Е.Жұмабеков, А.Парахатов ие болса, 3-орынды С.Қаратаева мен Д.Усенов қанжығасына байлап, мадақтамалармен марапатталды.

Колледжіміздің білім алушыларына жыл сайын осылайша байқауларға қатысып, биік шыңдардан көріне берулерін тілеймін. Рудный политехникалық колледжінің кітапханасы «Бір ел – бір кітап» акциясын қолдап, баршаңызды жоғарыда аты аталған кітаптарды оқуға шақырады.

Балкеш НҰРЖАНОВА,
Рудный политехникалық
колледжінің қазақ тілі мен
әдебиеті мұғалімі

 

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.