Ішкі істер органдарының өкілдері оқушылармен кездесіп, мамандық таңдауда кәсіби бағдар берді. Іс-шараға 800-ден астам жасөспірім қатысып, полиция қызметінің қыр-сырымен, артықшылықтарымен және академияда білім алу ерекшеліктерімен танысты.
Кездесу барысында оқушылар тек көрермен болып қана қоймай, тәртіп сақшыларының өміріне бір сәт еніп шыққандай әсер алды. Жиында академия курсанттары кәсіби дайындықтарын паш етті. Күш пен төзімділік, жылдамдық, қауіпті жағдайда тез әрі нақты шешім қабылдау – мұның бәрі де болашақ полиция қызметкерінің бойында болуы тиіс қасиеттер. Көрсетілген әдіс-тәсілдер жасөспірімдердің қызығушылығын оятып, елге қызмет етуге деген құлшынысын арттырды. Осы кездесуден ерекше әсер алғандардың бірі – 10-сынып оқушысы Денис Доценко.
– Кездесу 9–11-сынып оқушылары үшін өте пайдалы болды. Полиция қызметкері болу – менің арманым. Өз қаламды қорғап, елге қызмет еткім келеді. Тәртіп сақшысының бойында батылдық, жауапкершілік пен мықты рух болуы керек. Қорқынышқа орын жоқ, – дейді ол.
Мамандардың айтуынша, полиция қатарына білікті кадр дайындау – елдің ішкі қауіпсіздігін нығайтудың маңызды тетігі. Қазіргі таңда қазақстандық полицияның материалдық-техникалық базасы жоғары деңгейде жабдықталып, курсанттардың сапалы білім алуына барынша жағдайлар жасалған. Бұл туралы Облыстық полиция департаменті тәрбие және кадр жұмысы басқармасының бастығы кеңінен тоқталып өтті.
– Облысымыздың басым бөлігінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оқуға түсу үшін 50 балл болса жеткілікті. Ал «Алтын белгі» иегерлері мен 100 баллдан жоғары нәтиже көрсеткен түлектер ешқандай конкурссыз қабылданады. Жетім балалар мен қызмет барысында қаза тапқан полиция қызметкерлерінің балаларына да жеңілдіктер қарастырылған. Басты мақсат – осы мүмкіндіктерді жастарға жеткізу, – деді Берік Ержанов.
Кездесу әсерлі сәттерге толы болды. Сахна төрінде қызметтік форма киген курсанттар мен ақ көйлектегі бойжеткендер орындаған офицерлік вальс көрермендердің көңілінен шығып, залға ерекше рух сыйлады. Қоғам тыныштығын қорғау – бір жағынан үлкен жауапкершілік, екінші жағынан абырой. Отанға адал қызмет етуден асқан мақтаныш жоқ. Бүгінгі кездесуде жастардың көзінен осы сенім мен рух айқын байқалды.
Аружан АНИСОВА,
А.Байтұрсынұлы атындағы
ҚӨУ журналистика мамандығының
3-курс студенті
Благодаря профессионализму коллектива редакции и пониманию важности наших тем мы, педагоги, можем представить широкой аудитории региона самые актуальные материалы о своей работе, о достижениях коллег и успехах учащихся. Я считаю, что газета «Учительская плюс» играет ключевую роль в поддержке профессионального сообщества, в развитии образования Костанайской области. И горжусь тем, что могу внести свой вклад в это дело вместе с газетой.
«У страны с сильной прессой – большое будущее», – сказал Мыржакып Дулатов. Действительно, роль СМИ на пути роста сильного общества велика. С каждым годом становится всё больше и больше грамотных читателей со своим видением и потребностями. И это радует. Издание «Учительская плюс», вестник сферы образования нашего региона, заряжает педагогов творческим вдохновением. На протяжении нескольких лет в этой газете публиковались мои статьи, написанные с целью популяризации имён и достижений талантливых учителей и студентов Рудненского социально-гуманитарного колледжа им. И.Алтынсарина. В последние годы я начала писать небольшие произведения. И именно «Учительская плюс» впервые представила мои рассказы. Для меня это издание занимает особое место. Верю, что и в дальнейшем газета «Учительская плюс» со сформированной читательской средой продолжит процесс духовной поддержки творческих и талантливых педагогов.