Үстіміздегі жылдың 14-16 сәуірі аралығында Ақмола облысы Бурабай ауданы Қатаркөл ауылының ауылшаруашылық колледжі негізінде «Veterinary science» құзыреттілігі бойынша «AgroSkills-2021» өңірлік чемпионаты өтті.
.jpg)
Облысымыздың атынан дүбірлі додаға Қостанай ауылшаруашылық колледжінің 3-курс студенттері Анастасия Галатова (тәлімгері Булат Балабаев) (суретте) және Кенесары Жумагалиев (тәлімгері Жасулан Куандыков) қатысты. Жалпы сайысқа Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік-Қазақстан облыстарынан 8 үміткер қатысты. Чемпионат ережелері бойынша әр облыстан 2 қатысушы: қазақ және орыс тілдерінде. Байқау екі күндік тапсырмалардан тұрды.
Бірінші күні үміткерлер чемпионаттың 3 модулі бойынша сайысқа түсті. Атап өтер болсақ, «А модулі» бойынша жануар тектес өнімдерінің ветеринарлық-санитарлық сараптамасы жасалды. Бұл тапсырмада 25 минут ішінде берілген сүт сынамаларын крахмал қосу арқылы бұрмалануын және тауық жұмыртқасын овоскопиялау арқылы тағамға жарамдылығын анықтау қажет болды. Екі үміткеріміз де осы сайыстың қорытындысы бойынша жақсы нәтиже көрсетіп, максималды 30 ұпайды қоржындарына салды.
«B модулі» – жануарларлардың көбею биотехникасы. Сұйық азотқа мұздатылған бұқа ұрығын дұрыс ерітіп, микроскоптың көмегімен ұрықтың сапасын қоюлығы және қозғалу жылдамдылығы арқылы 20 минут уақытта анықтау. Осы тапсырманың максималды ұпай саны 20 болған-тын. Ұпай саны бойынша А.Галатова – 19, ал К.Жумагалиев – 15 ұпайға қол жеткізді.

«C модулі» – ветеринарлық хирургия. Тапсырма бойынша сайыскерлер жануардың қарынын екі қабатты және жылқы терісін түйінді тігіспен тігулері талап етілді. Орындау уақыты – 40 минут, берілетін ұпай саны – 25. Аталған модуль нәтижеснде А.Галатова – 24, ал К.Жумагалиев – 19 ұпайды иеленді. Чемпионаттың екінші күні колледж фермасының аумағында өткізілді. Мұнда үміткерлер клиникалық диагностика – «D модулі» бойынша сайысқа түсті. Тапсырмаға сай сайыс қатысушылары жануарды зерттеу сұлбасын сақтай отырып, дұрыс диагноз қоюлары тиіс болды. Бөлінген 30 минут ішінде қол жеткізу мүмкін шекті ұпай саны – 25 болды. Бұл сайыста үміткерлеріміздің екеуі де 23 ұпайдан алды.
Екі күнге созылған дүбірлі додада Қостанай облысының командасы 183 ұпаймен жүлделі 3 орынға қол жеткізді. Жеке есепте Анастасия Галатова 96 ұпаймен чемпионат қоласын иеленіп, 3-орынды місе тұтты. Ал Кенесары Жумагалиев қатысушы сертификатымен марапатталды. Барлық қатысушылар сертификатпен, жеңімпаздар тиісті дәрежедегі дипломдармен марапатталды. Сондай-ақ тәлімгерлер сайысқа қатысушы дайындағаны үшін Алғыс хаттармен марапатталды.
Б.Балабаев,
Ж.Куандыков,
Қостанай ауылшаруашылық
колледжінің арнайы
пәндер оқытушылары
Областная образовательная газета «Учительская плюс» – это настоящая педагогическая копилка. В одном номере можно увидеть работу самых разных учителей со всей области, разные направления, почерпнуть ценный опыт. Можно, конечно, что-то и в соцсетях прочитать, но там надо искать, заходить к каждому на страничку отдельно, а газету открываешь – и всё костанайское образование перед тобой, вся наша учительская жизнь. Я с удовольствием рассказываю о своей работе, о своих методах, об успехах моих воспитанников. Газета помогает мне делиться своими идеями и вдохновляться работами коллег.
Думаю, что безо всякой агитации каждый учитель, воспитатель, психолог должен иметь газету «Учительская плюс». Как без неё узнавать, как работают ваши коллеги, что нового в методике преподавания, поделиться своим опытом?
В своё время, будучи завучем средней школы, я обобщала лучший опыт учителей своей школы, знакомила их опытом работы других, и вообще не представляю педагога без настольной газеты «Учительская плюс» и своего предметного журнала, откуда черпаешь все новинки методической работы.
Поэтому совет вам, дорогие молодые коллеги: не опоздайте выписать, не останьтесь без профессиональной помощи газеты «Учительская плюс»!