Әдістемелік жұмысты жетілдіру бағытында

Выпуск - №23(470)   :   11.06.2021
522

Техникалық және кәсіптік білім (ТжКБ) беру ұйымдарының қызметіндегі маңызды мәселелер туралы 27-сі мен 28-інші мамырда ТжКБ әдістемелік кабинеті ұйымдастырған республикалық әдістемелік форумда әңгіме өрбіді.

Әдістемелік кабинеттің қызметі – бұл кәсіптік-педагогикалық (басқарушылық) стратегияның құрамдас бөлігі, оның шеңберінде оқу-тәрбие процесі және ТжКБ ұйымдарының қызметін әдістемелік сүйемелдеу іске асырылады. ТжКБ-ны жаңғырту туралы айтқанда, біз әрбір колледждің өміріне енген инноватика процестеріне назар аударамыз. Қазіргі уақытта білім беру ұйымдары қызметінің сапасын қамтамасыз ету колледждің сапалы және тиімді ғылыми-әдістемелік жұмысы мен толыққанды әдістемелік қызметінсіз шешілмейтін жаһандық міндеттердің бірі болып табылады.



Осы және өзге де сұрақтар талқыланған форумның пленарлық бөлімінде облыстың қазіргі кезеңдегі ТжКБ жүйесін дамыту және Қостанай облысы білім басқармасының ТжКБ әдістемелік кабинеті қызметінің бағыттары туралы мәселелер қозғалды. Форум жұмысына ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Насымжан Оспанова және ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім департаменті педагогтердің қызметін үйлестіру және тәрбие жұмысы басқармасының басшысы Бақытжан Биекова, «Таlap» КЕАҚ қызметкерлері, Қостанай облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Әсет Айсин, облыстық білім басқармаларының ТжКБ облыстық әдістемелік кабинеттерінің басшылары қатысты. Сонымен қатар ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік бірлестіктердің төрағалары, ТжКБ ұйымдарының басшылары, ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі басшылардың орынбасарлары және әдіскерлері де ат салысқанын айта кеткен жөн.



Екі күнге жалғасқан форумның қатысушылар саны 600-ге жуық адамды құрады, сонымен қатар YouTube арнасында қаралым саны 3000-нан асты. Форум ТжКБ ұйымдарының онлайн алаңында біріктірілді, олар екі күн ішінде Қазақстан өңірлерін Қостанай облысының ТжКБ жүйесінің трендтерімен таныстырды. «Дағды және тәжірибе» бағытындағы әрбір алаң дуалды оқыту қағидаттарын, WorldSkills стандарттарын, әлеуметтік әріптестік нысандарын, өндірістік оқытуды дамытудағы үрдістер мен тәсілдерді, тәрбие жұмысының бағыттарын, әдістемелік жұмысты құрудағы жаңа стратегиялық тәсілдерді, кәсіптік бағдар беру жұмысының моделін іске асыру бойынша тәжірибе алмасудың демонстрациялық алаңы болып табылады.
Бұл аталмыш форумның алғашқы күнінің трендтері болды. Қозғалған сұрақтар колледж түлектері туралы бейнесюжеттермен сүйемелденді, олар үшін колледж мансаптық өсу үшін бастапқы алаңға және әлеуметтік әріптестер базасына виртуалды экскурсияға айналды. Ол колледждерде қалыптасқан әлеуметтік әріптестер мен ТжКБ ұйымдарының тандемі табыстылығының мәнін ашты. Мұндай форматта ТжКБ әдістемелік кабинетінің тәжірибесі жинақталған, онда 11 қызметкер аталған бағыттарға жетекшілік етеді және осы бағыттардың үйлестірушілері болып табылады.

Білім алушылардың кәсіптік даярлығына инновациялық өзгерістер енгізу қажеттілігі бүгінгі күні ТжКБ ұйымдарының басшылары мен педагогтерден терең білім ғана емес, сондай-ақ тез өзгеретін жағдайда оларды өз қызметін және бағыныстылардың қызметін жобалау үшін пайдалана білу талап етілетіндігімен негізделген. Мұның бәрі оқытудың ең тиімді формаларын, әдістері мен технологияларын іздеуді қажет етеді. Бірақ бұл дағдылар өздігінен пайда болмайды: кеңес беру, семинарлар, педагогикалық митаптар, әдістемелік семинарлар, әдістемелік конструкторлық бюролар, тренингтер арқылы әдістемелік қызметтер арасында тұрақты байланыс қажет. Алалған жұмыс туралы ТжКБ ұйымдарының әдіскерлері өз сөзінде толық баяндап берді.
Форумның екінші күні әдістемелік жұмысты құрудағы инновациялық бағыттарға арналды. Форум аясында колледждер директорларының ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарлары мен ТжКБ ұйымдары әдіскерлерінің облбастық оқу-әдістемелік бірлестігінің тәжірибесі жинақталды. Халықтық педагогика мектебінің, педагогикалық шеберлік мектебінің, жас педагог мектебінің, педагогикалық hi-tech, инновациялар мен зерттеулер, жобалық кеңсенің әдістемелік жұмысы мен қызметін ұйымдастырудың қызықты тәжірибесі ұсынылды. Осының барлығы «Қатысу химиясы: әдістемелік белсенділік пен тиімділіктің топ 5 катализаторы» алаңының жұмысы аясында көрсетілді.
Білім беру мазмұнын жаңартуға, оның сапасын арттыруға және тәжірибе алмасу үшін үздік тәжірибелерді таратуға бағытталған әдістемелік жұмысты ұйымдастырудағы жаңа стратегиялық тәсілдерді көрсету бойынша форумның мақсаты іске асырылды. Бұған форумға қатысушылар берген іс-шараның жоғары бағасы дәлел. Форум шеңберінде Қостанай облысының педагогика, өнер бағыттарында мамандарды даярлайтын оқу ұйымдары да белсенді қатысып, арнайы дайындаған концерттік бағдарламасын ұсынды.
Осылайша, Қостанай облысының ТжКБ әдістемелік кабинетінің және ТжКБ ұйымдарының әдістемелік қызметтерінің қызметі негізгі міндеттерді шешуге – оқытудың жоғары деңгейіне қол жеткізуге, оқытудың жаңа технологияларын, жүйелері мен әдістерін зерделеуге және практикаға енгізуге бағытталған. Іс-шара аяқталғанмен, ол ТжКБ ұйымдарында әдістемелік жұмысты одан әрі жетілдіруге серпін берді және алдағы жұмыс үшін жаңа бағдарларды айқындады.

Марал БОҚАЕВА,
ТжКБ әдістемелік
кабинетінің басшысы,
Гүлнара ӨТЕГЕНОВА,
ТжКБ әдістемелік кабинетінің
техникалық және кәсіптік білім
беру ұйымдарының оқу-әдістемелік
жұмысты дамыту бөлімінің басшысы,
Айна ТАЙЖАНОВА,
ҒӘЖ жөніндегі директор
орынбасарларының және
колледж әдіскерлері оқыту-
әдістемелік бірлестігінің төрайымы

 

ГЛАВНЫЕ НОВОСТИ

Путь, заданный великим учителем

Вчера в 14:44

Патриотическое воспитание

Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия

Вчера в 14:40

Профессиональное содружество

Эффективное взаимодействие педагогов и родителей

Вчера в 14:36

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

История первого детского сада Лисаковска

Вчера в 14:33

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

Ғасырға қадам басқан білім ордасы

Неделю назад в 15:09

Бүгінгі мектеп

Жасыл болашаққа тамыр тартқан жоба

Неделю назад в 15:07

Бүгінгі мектеп

Актуально

Реклама

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.

Благодаря профессионализму коллектива редакции и пониманию важности наших тем мы, педагоги, можем представить широкой аудитории региона самые актуальные материалы о своей работе, о достижениях коллег и успехах учащихся. Я считаю, что газета «Учительская плюс» играет ключевую роль в поддержке профессионального сообщества, в развитии образования Костанайской области. И горжусь тем, что могу внести свой вклад в это дело вместе с газетой.