Облыстық Білім басқармасының келісімімен Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі «Ұлттық құндылықтар тәрбие бастауы ретінде: мәселелері мен шешу жолдары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді.

Конференция ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, ұлт қайраткері этнограф-ғалым Өзбекәлі Жәнібековтың туғанына 90 жыл, ұлы даланың ұстазы атанған Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына арналды. Қазіргі жаһандану жағдайында тәуелсіздігімізді сақтай отырып, ұлттық мәдениет пен дәстүрлі құндылықтарды жаңғыртып және оны әрі қарай дамыту мәдениетті адамның белгісі. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды.
Сондықтан конференцияның негізгі мақсаты – ел тәуелсіздігін ұлттық басты құндылық ретінде насихаттай отырып, жастарды тәрбиелеудегі ұлттық педагогикамыздың маңыздылығы мен мәнін ашу, сондай-ақ тәуелсіз еліміздің мәдениеті мен ұлттық құндылықтарын дәріптеуге және сақтауға үлес қосқан қоғам қайраткері, этнограф-ғалым Өзбекәлі Жәнібековтың және қазақтың тұңғыш ағартушы-педагогі Ыбырай Алтынсариннің еңбектерін зерделеу, сондай-ақ қазақ қоғамының ұлттық ерекшелігін көрсету.
Алқалы басқосу негізгі үш бағыт бойынша өтті. Бірінші секция – «Ұлттық педагогика: қалыптасуы, қазіргі жағдайы мен даму перспективалары». Екінші секция – «Ұлы даланың дара ұстазы Ы.Алтынсарин». Ал үшінші секция – «Қазақ мәдениеті және Өзбекәлі Жәнібеков тағылымы» тақырыптары аясында өрбіді. Республикалық конференция жұмысында көтеріп отырған мәселе өзекті. Келешегімізді жастарға сеніп тапсыру үшін, парасатты ұрпақ тәрбиелеу – басты міндет. Оларды ұлттық негізде тәрбиелеп, халықтық педагогикамен сабақтастыру бүгінгі күннің басты талабы. Ал ұлттық педагогика бұл тәрбиенің бастауы.
Біз рухани жаңғыруға жай келген жоқпыз. Өзін қазақпын деуге намыстанатын, өз қазақ тілін менсінбейтін, еуропаланған жастарымыздың қатары көбейіп кетті. Бәлкім бұл жерде, педагогтер қауымы, мына біздердің де кінәміз бар шығар. Дер кезінде дұрыс бағыт бере алмаған болармыз? Кім білсін. Сондықтан да біздің елге рухани ұлттық серпін жедел түрде қажет болды. Дәстүрдің тозығын жаңғыртып, озығын жаңа үлгіде жас толқын тәрбиесіне қолдануды басты мақсат тұттық. «Кімде-кім халқынан алмаса тәлім, оны үйрете алмас ешбір мұғалім», – деген Жүсіп Баласағұн. Демек ұлттық педагогикаға бетбұрыс уақыт күттірмейтін мәселе.
Екі күнге созылған конференция жұмысының пленарлық отырысында Түркістан қаласынан Өзбекілі Жәнібековтын немере қарындасы, Этнопедагогикалық колледж директоры, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері Айғаным Серім, Астана қаласынан «Тұран-Астана» университетінің профессоры, білімтанушы, ғылымтанушы, руханияттанушы Орақ Алиев, Ақтөбе қаласынан С.Баишев Университеті экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Ғалым Мүсіров, Қостанай облыстық Ы.Алтынсарин мемориалдық музейінің басшысы Марғұлан Оспанов, Арқалық қаласынан аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі, АрқПИ доценті, Ардақ Абдуллина, Қостанай гуманитарлық колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Роза Мешелова баяндама жасап, конференция қатысушыларына құнды ақпараттар берді.
Конференция жұмысы соңында талқыланған мәселелер бойынша төмендегідей шешім қабылданды: бабаларымыздың бізге қалдырған асыл мұраларын басшылыққа алу, қажет болса жаңғырта білу; көрнекті тұлғалардың өмір жолдары мен қызметтерін, дана жолын үлгі ету арқылы, жас ұрпақтың бойында өз ұлтына деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін қалыптастыру; алдағы уақытта колледжімізде академиялық еркіндік берілетін болса, қазақ даласынан шыққан «Ұлы тұлғалар» деген оқу курсын енгізу және оған Абай Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Өзбекәлі Жәнібеков сияқты ұлы тұлғалардың өмір жолы мен еңбектерін зерделеу.
Конференция қатысушылары сертификатпен, баяндамашылар мен жарыс сөзге белсене қатысқан тұлғалар Алғыс хаттармен марапатталды және барлық қатысушыларға таратылатын, конференция материалдары енгізілген ISBN номері бар жинақ берілді.
Гүлхашима ОРАЗОВА,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық
колледжінің әдіскері,
Арқалық қаласы
Я с детства полюбила читать газеты, потому что они всегда были в нашей семье. И до сих пор, несмотря на обилие новых носителей информации, я больше всего люблю газету, особенно нашу, учительскую, за продуманный, взвешенный подход, за подробность и объективность, за особую атмосферу, которая возникает от неспешного листания страниц. И ещё нравится, что «Учительская плюс» входит в список изданий, рекомендованных министерством просвещения для размещения материалов аттестуемых педагогов. Это очень мотивирует!
«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.
Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!