Алғыс айту – асыл қасиет

Выпуск - №10(507)   :   11.03.2022
500

Арқалық қаласындағы Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің жатақханасында тәрбиеленушілердің «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту мақсатында Алғыс ату күніне орай «Алғысым шексіз...» іс-шарасы ұйымдастырылды.

Жатақханада өткізілген шара барысында әр қабаттың әншілері мен бишілері өнер көрсетті. Атап айтсақ, Аружан Сайлаубайдың орындауында «Жақсы адамдарым» әні, Рахат Сейтбекұлының орындауында «Алтыным» әнін тыңдап, жылы сезімге боленсек, 5-қабат қыздарының мың бұралған билері, 6-қабатта тұратын студенттеріміздің ерекше вальсі, Амандақ Бейсенбайдың орындауындағы ерекше әндер көрермен көңілінен орын тепті.

Алғыс айту күнінің мәні мен маңызына тоқталар болсақ, ол – ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған, бейбітшілік пен келісімге негізделген саясаттың салтанат құрған күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.

Іс-шара барысында бітіріп кеткен түлектеріміз Ақжол Дарханұлы, Ұлмекен Жомартова, Махаббат Құрамыс, Ермұхан Оңдасынов, Жансая Қабден және Мөлдір Кәкентайдың шын көңілдерімен жолдаған бейнероликтері көрсетіліп, тәрбиеленіп жатқан студенттерімізге ерекше ой қалдырды. Артынша жатақхана тәрбиешісі ретінде әр қабаттың басшыларына құттықтауымды жолдап, естелік хатты табыстаған соң, кеш соңы көңілді биге ұласты.


Жанар БИРМАКАНОВА,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық колледжі
жатақханасының тәрбиешісі,
Арқалық қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.