«Алғыс айту – парызым»

Выпуск - №9(506)   :   03.03.2022
325

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің жастар ісі жөніндегі комитетінің белсенділері Алғыс айту күнін атап өту аясында мақала тақырыбымен аттас мерекелік акция ұйымдастырды.

Акцияның негізгі мақсаты – Алғыс айту күнінің атаулы мерекелік сипатын халық арасында насихаттау және өзінің пайдалы қызметін көрсетіп жүрген мамандық иелеріне қарапайым да орасан еңбектері үшін алғыстарын білдіріп, кішігірім қуаныш сыйлау. Шараға қатысушы жастар қаламыздың күнделікті өмірімізде ерекше қажетті қызмет иелеріне тосыннан сый жасады. Олар арнайы үнпарақтар таратып, халықтың игілігі жолында қызмет етіп жүрген жандардың үлкен еңбегіне алғыстарын білдірді.


Акцияның бастамасы халық денсаулығын нығайту ісінде ерен еңбек еткен, қаншама сәбидің жарық дүние есігін ашуына себепші болған Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Арқалық перзентханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнынан бастау алды. Қызметкерлер ұжымына зор алғыс білдіріп, гүл шоқтары табысталып, ізгі ниет айтылды. Келесі құттықтау «Тазарту – Арқалық» ЖШС ұжымына қаламыздың тазалығын сақтап, шаһарымыздың шырайын келтіргені үшін ұсынылды. Артынша тілсіз жау – өрттен қорғаған Қостанай облысы Төтенше жағдай департаментінің Арқалық қаласындағы №4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің ұжымына да құрмет көрсетілді.


Алғыс айту күнін Ы.Алтынсарин атындағы гимназия ұжымы да ерекше ықыласпен қарсы алып, айрықша атап өтті. «Жас эколог» үйірмесі «Алғыс айту – асыл қасиет» тақырыбында акция ұйымдастырып, ұстаздарға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Олар барша ұстаздар қауымын және мекеме басшысы А.Жанараловнаны ашық хаттармен құттықтады. Ұстаздарына деген жүрекжарды тілектерін білдіріп, жүздеріне қуаныш ұялатты. Құттықтау бейнежазбалармен жалғасын тапты. Әрине, осындай тағылымды шаралар өмірлік маңызы зор қызмет иелерінің шабытты еңбек етуіне, ізденісін арттыруға түрткі болары хақ.


Ниязбек ОРАЗОВ,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық колледжінің
Жастар ісі жөніндегі
комитетінің төрағасы,
Ы.Алтынсарин атындағы
гимназияның «Жас эколог»
үйірмесінің жетекшісі,
Арқалық қаласы

Реклама

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.