Алтыншы аймақтық чемпионат өтті

Выпуск - №41(437)   :   16.10.2020
480

Қостанай облысының орталығындағы Қостанай педагогикалық колледжінің қабырғасында қыркүйектің 28-і мен 30-ы аралығында «WORLDSKILLS QOSTANAI-2020» VI аймақтық чемпионаты өтті.

Өңіраралық чемпионатқа Арқалық қаласындағы Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінен «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша Айзат Сәтбай жетекшісі Луиза Ақылбекова, Айым Бертағина жетекшісі Гүлхашима Оразова және «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы аясында Сымбат Русланқызы жетекшісі Зайгүл Хасенова сынды студенттеріміз бен жетекшілеріміз ат салысты. Жетекшілері эксперт қызметінінде болып, зерттеу бағыттарын жүргізіп отырды.

«WORLDSKILLS QOCTANAI-2020» VI аймақтық чемпионатының ресми ашылу салтанатында техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің әдіскері Әсем Қойшина барлық өңірлерден келген колледж студенттеріне сәттілік тілеп, бүгінде елімізде мамандарды даярлауға үлкен мән беріліп отырғанын мәлімдей келе, қатысушылар мен олардың жтекшілеріне алғысын білдірді. 3 күн бойына жалғасқан білім додасында Қостанай облысының бірқатар өңірлерінен жиналған бірнеше студент сынға түсті.

WorldSkills стандарттары бойынша бірнеше модульден тұрды. Әр кезең өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Атап өтсек: 1-модуль бойынша ағылшын тілінде «Портфолио» құрастыру және қорғау, 2-модуль аясында жаратылыстану пәні бойынша жаңа сабақтың фрагментін көрсету және 3-модульде экологиялық, азаматтық тәрбие бағыты бойынша сыныптан тыс жұмыс, 4-модуль бойынша жағдаят шешу, ал 5-модульде «5 минутта не үйретемін» бағыттары бойынша сайыс барысы жүргізілді. Байқауға қатысушы студенттеріміз өздерін жоғары деңгейде көрсете білді, тәжірибе жинақтады, білмеген дүниелерін үйренгенін айта кеткен жөн.

Екінші және үшінші модуль бойынша студентеріміз берілген уақытты ұтымды пайдалана отырып, өздерінің ізденістерін, жаңашылдықтарын көрсете алды. Бірнеше әдістер, атап өтсек: «Гүлмен тілек», «Галерияны шарлау», «Кластер», «Фишбоун», «Заряд алу», «Бір минуттық», т. б. сабақты жаңа форматта түрлендіріп өткізуге ықпалын тигізді. Барлық қатысушы студенттеріміз бен жетекшілерінің еңбектері бағаланып, сертификатпен марапатталды.

Бүгінде «WORLDSKILLS» Қазақстанда үлкен танымалдыққа ие болуда. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарды марапаттау салтанаты ұйымдастырылып, онда техникалық және кәсіптік білім берудің дамуын зерттейтін сектор меңгерушісі Жанат Белисарова «WORLDSKILLS QOCTANAI-2020» сайысының VI аймақтық чемпионатының жүлдегерлерін I, II және III дәрежелі дипломдар мен медальдармен марапаттады. Жарыстың жеңімпаздары республикалық деңгейдегі чемпионатта бақ сынасатын болады. Біз қашан да өз студенттерімізбен мақтанамыз және болашақтарына сеніммен қараймыз. Талапты студенттеріміздің шығар биігі, бағындырар асулары алда.

Луиза АҚЫЛБЕКОВА,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық колледжі
арнайы пәндер оқытушысы,
Арқалық қаласы

 

Реклама

Я с детства полюбила читать газеты, потому что они всегда были в нашей семье. И до сих пор, несмотря на обилие новых носителей информации, я больше всего люблю газету, особенно нашу, учительскую, за продуманный, взвешенный подход, за подробность и объективность, за особую атмосферу, которая возникает от неспешного листания страниц. И ещё нравится, что  «Учительская плюс» входит в список изданий, рекомендованных министерством просвещения для размещения материалов аттестуемых педагогов. Это очень мотивирует!

«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.

Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!