Әрбір ата-ана баласын үлкендерді сыйлауға тәрбиелейді. Арқалық қаласындағы Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің Жастар ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы өтті.

«Қарты бар үйдің қазынасы бар», – деп дана халқымыз айтқандай, үйінде қариясы бар жанұя – шынында да, қазыналы, берекелі. ДМ-12 тобының ерікті жастары шарапаты мол шараға өз үлестерін қосып, Новый кентінде Павлова 66 мекенжайында тұратын жалғызбасты зейнеткер Кимбат Бикеева апамыздың ауласының қарын тазалап, батасын алды.
Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан қастерлі салтымыз. Ардагерлеріміздің өмірлік тәжірибелері мен ақыл-кеңестері, тәлім-тағылымдарының біз үшін қашанда орны бөлек. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларын өсірді. Бұл күндері еңбектің зейнетін көріп отырған шақта да жастарға игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емес.
«Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халқымыз. Жасы үлкенге құрмет көрсету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – абыройлы борышымыз. Жарық дүниеге әкеліп, тіршілік атаулыға нәрін берген ата-ананың алдындағы парызымыз өлшеусіз. Сондықтан, ақсақалдарымыз бен ақ жаулықты апаларымыздың қадіріне жетіп, құрметтеп өтейік дегім келеді.
Ниязбек ОРАЗОВ,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық колледжі
Жастар ісі жөніндегі
комитетінің төрағасы,
Арқалық қаласы
Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.