Әріптесіміз «Кәсіподақ барысы»

Выпуск - №44(641)   :   08.11.2024
621

image

Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының 100 жылдығына орай қазақ күресінен «Кәсіподақ барысы» республикалық турнирі өтті. Оған қатысқан әріптесіміз Нұрсұлтан Сәлімжанов 90 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орынды иеленді.

image

Нұрсұлтан Өмірханұлы Арқалық қаласындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының жаратылыстану және ақпараттандыру факультетінің оқытушысы. Түсінгендеріңіздей, Нұрсұлтан дене шынықтыру мұғалімі немесе спорт маманы емес. Спорт, оның ішінде қазақ күресі – бала күнгі қызығушылығынан туындаған хоббиі. Спортпен шұғылданып жүріп түрлі қалалық, облыстық және республикалық деңгейдегі жарыстарға қатысып, жүлдегер атанды. Мәселені, 2016 жылы Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында өткен қазақ күресінен Қазақстан Республикасының кубогында ІІ орынды иеленіп, ҚР Спорт шебері атағын қорғады.
Спорт – саламатты өмір салтын насихаттаумен қатар оған ден қойған адамның мінез-құлқын, өмірлік ұстанымдарын тәрбиелейтіні рас. Нұрсұлтан табиғатынан ұстамды, мінезге бай, салмақты, білім алуға құштар, досқа адал, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білетін сегіз қырлы, бір сырлы азамат. Қазақ күресімен шұғылдану оның барлық аталған мінез-құлықтарымен қоса сымбатты, дені сау, шымыр, білекті азамат болуына айтарлықтай үлесін қосқаны сөзсіз.
Бір сәт еңбек жолына көз жүгіртсек, Нұрсұлтан 2010 жылы мемлекеттік білім гранты конкурсы негізінде Арқалық педагогикалық институтының «География» мамандығына студенттер қатарына қабылданып, 2014 жылы жоғары оқу орнының жоғары базалық білімнің барлық талаптарын орындап, дипломын алды. Ал, 2014-2016 жылдар аралығында Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінде мақсатты грант негізінде қабылданып, «География» мамандығы бойынша «Педагогика ғылымдарының магистрі» дәрежесін иеленген.
Сол жылы жеке еңбек шарты бойынша Арқалық педагогикалық институтының химия, биология және география кафедрасына оқытушы болып қабылданған. 2020 жылы Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 8D01515 «География» мамандығының мақсатты PhD доктарантурасына түсіп, 2023 жылы оны ойдағыдай тәмамдады. Бұл күндері жоғары оқу орнының оқытушысы ретінде экономикалық география және физикалық география бағыттары бойынша студенттерге білім береді.
Білім беру үрдісінде оқытудың озық әдістері мен тәсілдерін, білім берудегі жаңа технологиялар мен бағадрламалық жасақтамаларда жаңалықты контент құрастырып қолданады. Сөзсіз, Нұрсұлтан Өмірханұлын жаһандану және белсенді инновациялық процестер дәуірінде жас ұрпақты тәрбелеуде бәсекеге қабілетті, саламатты өмір салтын сақтаған, бүгінгі даму талаптарына сәйкес үнемі ілгерілеу бағытын ұстанып жүрген жас маман деп сеніммен айта аламыз.
Институттағы білім беру сапасы – оқыту үрдісіннің нәтижелілігін, білім алушылар мен қоғамның қажеттіліктеріне сәйкес, кәсіби және жеке құзыреттері қалыптасқан, дамуда айқын мақсаттары бар үлгілі оқытушы. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде сапаны қамтамасыз етуге тиісті тәжірибе қалыптастыру үшін ғылыми жетістіктері жоғары әрі академиялық дәрежелі әріптестермен өзара байланыс орнатып, қарым-қатынас жасай біледі. Нұрсұлтанның оқытушы ретінде ішкі мотивациясы қалыптасқан, білім сапасы жеткілікті, командада жұмыс істей біледі, ұйымдастырушылық қабілеті де жоғары.
Сабақ беруде инновациялық технологияларды қолдануы – студенттердің өз бетінше ойлай білуіне, сыртқы ортамен қарым-қатынас жасау барысында өздігінен пайымдауға, алдарына қойған мақсат-міндеттерін жүзеге асырып, қорытынды жасай білуіне дағдыландырады және осы арқылы «өзіндік дамуын» жүзеге асырады. Соның негізінде өзінің және білім алушының адами құндылық тәрбиесіне, яғни жеке тұлғаның барлық қасиеттерінің ерекше дамуына даңғыл жол ашады. Бүгінгі мақаламызға өзек болған «Кәсіподақ барысы» – Нұрсұлтанның жоғарыдағы ерекшеліктері мен қабілетін атай отырып мақтан тұтамыз, үлгі етеміз, ал болашағына сәттілік серік болсын дейміз!

Валентина КУШЕТЕРОВА,
«Қорғау» Қостанай облыстық
білім және ғылым қызметкерлерінің
кәсіподағы» ҚБ төрағасы,
педагогикалық еңбек ардагері

Реклама

«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.

Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!

Школу-гимназию им. Абая г. Аркалыка и газету «Учительская плюс» связывают годы крепкой дружбы. Педагоги школы всегда проявляют искреннее желание подписаться на издание, ведь они горят своим делом и хотят публиковать статьи, транслируя свой опыт. Газета стала для нас незаменимой диалоговой площадкой, где каждый педагог может щедро делиться своим уникальным опытом, профессиональными открытиями и мастерством. Возможность сотворчества с такой авторитетной газетой для меня бесконечно ценна.